Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2019 жылдың 17 қарашасына валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Биыл бес жүзден аса көпбалалы отбасы баспаналы болады

0

94

Шығыс Қазақстанда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қазіргі уақытта барлық әлеуметтік жағдай жасалып отыр. Олардың баспанамен қамтамасыз етілуіне, балаларының тегін мектеп формасымен қамтылуына, кәсіптік және техникалық колледждерде, мектепке дейінгі мекемелерде тегін білім алуына қажетті мүмкіндіктер қарастырылған. Сонымен қатар алдағы төрт жылдың ішінде барлық көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың баспана мәселесі толықтай шешімін таппақ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл жөнінде облыс әкімі Даниал Ахметов бүгін өткен көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселелерін шешу бойынша облыстық қоғамдық комиссияның отырысында мәлім етті.

Естеріңізде болса, аталған облыстық қоғамдық комиссия ағымдағы жылдың мамыр айында құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және ең бастысы сол көпбалалы аналардың өздері де кірген болатын.

Қазіргі уақытта облыста үш бала тәрбиелеп отырған 26 мыңнан аса отбасы бар. Олардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін облыста арнайы үш деңгейлі бағдарлама қабылданған. Көмекке мұқтаж барлық көп балалы отбасылар қалалық және ауылдық болып екі топқа бөлінген.

Өңірде тұрғындардың осы санатына баспана сатып алу үшін бюджеттік емес қаржы көздерінен, соның ішінде облыстық қайырымдылық «Парыз» қорынан 558 миллион теңге қаржы бөлінген.

Бағдарламаның екінші кезеңінде ауылдық жердегі баспана кезегінде тұрған отбасылар тұрғын үймен қамтылатын болады. Осыған байланысты комиссия отырысында ақпарат берген облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бауыржан Құдияровтың айтуынша, биылғы жылдың басында облыста мемлекеттік қордан үй алуға аз қамтылған, көп балалы 1400 отбасы кезекте тұрған болса, екі айдың ішінде бұл көрсеткіш 1819-ға дейін өскен. Басқарма басшысының берген ақпараты бойынша олардың 368-і өз баспаналарына қол жеткізген болса, жылдың соңына дейін тағы 143 отбасы қоныс тойын тойламақ. Сонда ағымдағы жылы 511 көпбалалы және аз қамтылған отбасы өз баспаналарына қол жеткізетін болады.

Комиссия мәжілісінде облыс әкімі Даниал Ахметов бұл бағыттағы шаруалардың Өскемен мен Семейде қалай атқарылып жатқанын қос қаланың әкімдерінен де нақты сұрастырып білді. Қала әкімі Жақсылық Омардың мәлімдеуінше, жылдың соңына дейін облыс орталығында тоқсанға тарта көпбалалы отбасы баспаналы болмақ. Ал Семейде бүгінге дейін 67 отбасы тұрғын үй алған. Жыл біткенше аталмыш көрсеткіш әлдеқайда өспек.
Сонымен қатар аймақ басшысы Даниал Ахметов «Бақытты отбасы» бағдарламасының аясында көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй құрылысында төрт бөлмеден тұратын, ауданы 100 шаршы метрлік, құны – 13,5 млн теңге болатын, бір қабатты типтік жобаны іске асыруды ұсынды. Баспаналар «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ ұсынып отырған ипотекалық несие бағдарламасының шартына сәйкес жылдық екі пайызбен 20 жыл мерзімге берілмек. Несиенің ең жоғарғы мөлшері – 10 млн. теңге көлемінде болса, алғашқы жарна 10 пайыз болмақ.

Осыған қатысты Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар бүгінде көпбалалы отбасылар тек төрт бөлмелі пәтерді ғана емес, екі және үш бөлмелі пәтерлер алуға да келісіп отырғандығын айтты.

Бүгінгі таңда өңірде 128 отбасы жеңілдетілген несиелендіруге өтінім берген. Алайда, түрлі себептермен олардың 42-не қарыс беруден бас тартылған. Ал бір миллион теңгеге дейінгі жинақты жинай алмағандар үшін алғашқы жарна бюджеттік қаржы есебінен толтырылады. Сонымен қатар өңір басшысының мәлімдеуінше, алғашқы жарнаға жетпеген қаржыны аймақтағы бизнес-сектордың өкілдері де ұсына алады.

– Осылай қадам жасау арқылы біз алдағы төрт жылдың ішінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойып отырған көпбалалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету туралы тапсырмасын толығымен орындайтын боламыз. Тағы да қайталап атап өтемін, біздің облыста көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік жағдайларын шешуге барлық жағынан толық қолдау көрсетілетін болады, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов комиссияның мәжілісінде.

Ақпарат ретінде айтар болсақ, «Бақытты отбасы» ипотекалық несиелеу бағдарламасы бойынша Өскемен, Семей, Риддер, Шемонаиха, Аягөз, Курчатов қалаларының тұрғындарына өз баспаналарын рәсімдеу мүмкіндігі бар.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 11:16

Семейде «Үмітіңді үзбе» қайырымдылық кеші өтті

Бүгін, 10:03

Жарма ауданында үш нысан халық игілігіне берілді

Бүгін, 09:01

Кіру тегін. АҚШ-тың «Company E» балет тобы Семейде

16.11.19, 16:30

Өскеменде «Цифрлық Шығыс-2019» форумы өтеді

16.11.19, 15:23

Бесқарағай ауданында дауыс беру жүріп жатыр - ШҚО

16.11.19, 15:02

"Енді қала тұрғындары үйіміз суық деп шағымданбайды" - Семей

16.11.19, 14:13

Қызыл-ту өткеліндегі «Күршім» паромының жұмыс кестесі өзгерді

16.11.19, 12:06

Қарағайлы мен Энергетик аудандарын қосатын жол салынады - Семей

16.11.19, 11:10

Германия елшісі Семейде

16.11.19, 10:28

Өскеменде поэтикалық батл өтті

16.11.19, 09:38

«Worldskills Kazakhstan 2019» чемпионатында ШҚО құрамасы жеңімпаз атанды

16.11.19, 09:15

Ұлттық валюта күніне орай интеллектуалдық-командалық ойын ұйымдастырылды - Семей

16.11.19, 08:50

«Торпедо» «Зауральені» жеңе алмады

15.11.19, 17:54

«ШҚО полицейі балық алады». Параның ерекше түрлері

15.11.19, 16:51

Көкпектілік кәсіпкер қаз еті мен қауырсынынан жасалған өнімдерді нарыққа шығарды

15.11.19, 16:39

«Әлемдегі ең әдемі ақша». Теңге жайлы қызықты мәліметтер

15.11.19, 16:09

"Қазбат" 10-сериялық телехикаясының түсірілімі аяқталды

15.11.19, 15:50

Өскеменде кондуктор автобустың жолаушысын соққыға жықты

15.11.19, 15:44

Токиоға баратын қазақстандық спортшылардың тізімі жарияланды

15.11.19, 15:20

ШҚО-да еркін күрестен турнир өтті

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

15.03.19, 16:19

ШҚО тұрғыны үйінің сыртын сыраның қалбырымен қаптап алды

29.10.19, 16:03

"Времянкада" тұратын көпбалалы ана: "Балам телефоннан қабір азабы туралы ғана көреді" (ВИДЕО)

05.06.19, 20:38

Тек қазақша сөйлейтін өскемендік полицей бірден екі қылмысты ашты (видео)

10.04.19, 12:04

Өскеменде 16 әйелді өлтірген КШТ маньягі қалай ұсталып еді?

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 11:16

Семейде «Үмітіңді үзбе» қайырымдылық кеші өтті

Бүгін, 10:03

Жарма ауданында үш нысан халық игілігіне берілді

Бүгін, 09:01

Кіру тегін. АҚШ-тың «Company E» балет тобы Семейде

16.11.19, 16:30

Өскеменде «Цифрлық Шығыс-2019» форумы өтеді

16.11.19, 15:23

Бесқарағай ауданында дауыс беру жүріп жатыр - ШҚО

16.11.19, 15:02

"Енді қала тұрғындары үйіміз суық деп шағымданбайды" - Семей

16.11.19, 14:13

Қызыл-ту өткеліндегі «Күршім» паромының жұмыс кестесі өзгерді

16.11.19, 12:06

Қарағайлы мен Энергетик аудандарын қосатын жол салынады - Семей

16.11.19, 11:10

Германия елшісі Семейде

16.11.19, 10:28

Өскеменде поэтикалық батл өтті

16.11.19, 09:38

«Worldskills Kazakhstan 2019» чемпионатында ШҚО құрамасы жеңімпаз атанды

16.11.19, 09:15

Ұлттық валюта күніне орай интеллектуалдық-командалық ойын ұйымдастырылды - Семей

16.11.19, 08:50

«Торпедо» «Зауральені» жеңе алмады

15.11.19, 17:54

«ШҚО полицейі балық алады». Параның ерекше түрлері

15.11.19, 16:51

Көкпектілік кәсіпкер қаз еті мен қауырсынынан жасалған өнімдерді нарыққа шығарды

15.11.19, 16:39

«Әлемдегі ең әдемі ақша». Теңге жайлы қызықты мәліметтер

15.11.19, 16:09

"Қазбат" 10-сериялық телехикаясының түсірілімі аяқталды

15.11.19, 15:50

Өскеменде кондуктор автобустың жолаушысын соққыға жықты

15.11.19, 15:44

Токиоға баратын қазақстандық спортшылардың тізімі жарияланды

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: