Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

 

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

50 000 теңге!

2020 жылдың 9 шілдесіне валюта бағамы

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Даниал Ахметов мемлекеттік сатып алу мәселелерін қарайтын жұмыс тобын құрды

0

Бүгін ШҚО әкімінің төрағалығымен аймақтағы бірқатар кәсіпкерлердің, атап айтқанда, «ДСУ-14» және «Топаз» ЖШС директорларының мемлекеттік сатып алуға қатысты мәселелері қаралған жиын өтті, деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Жиын барысында аймақ басшысының өкімімен бүгін жұмыс комиссиясы құрылып, оның құрамына прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ішкі мемлекеттік аудит департаменттері, сондай-ақ кәсіпкерлер мен барлық тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері және өкілетті құрылымдар мен депуттаттар кірді.

– Осы мәселе бойынша комиссия құруға шешім қабылдадым. Бұның бәрі Қазақстан Республикасы Заңының орындалуы үшін әрі объективті бақылау жасалу үшін атқарылып жатыр. Комиссияны облыс әкімінің бірінші орынбасары мен облыс прокурорының бірінші орынбасары бастайды. Мен барлық комиссия мүшелерінен объективті болуға, барлық жағдайға Заң тұрғысынан қарауға шақырамын. Сонымен қатар, осында отырған БАҚ өкілдерінің барлығы дерлік жұмыс тобының мүшелері болып табылады. Олардың тарапынан да барлығы ашық та әділ жарыққа шығуы керек, – деп атап өтті Даниал Ахметов.

Айта кетейік, комиссия құрамында «ДСУ-14» және «Топаз» ЖШС-нің директорлары Александр Федосов пен Болат Багадаев та бар.

– Мен облыс әкіміне алғыс айтқым келді. Виталий Шаберді (ШҚО прокурорының бірінші орынбасары) бірбеткей маман ретінде білемін. Ол өзінің іс-әрекетіне, әкімдік пен басқалардың әрекеттеріне баға бере алады. Сондықтан мен оның объективті шешімінен үміттімін, – деді Александр Федосов.

Еске салайық, екі кәсіпкер Александр Федосов пен Болат Бағадаев өңірдегі бірқатар мемлекеттік сатып алулардың дұрыс әрі ашық өткізілгендігіне өз тараптарынан сенімсіздік білдірген болатын. Олардың айтуларынша, мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін белгілеу туралы Үкімет қаулысының 39 пунктін өз мүдделеріне қарай бұрмалаған.

Атап айтар болсақ, үстіміздегі жылдың 20 наурызында мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы Үкіметтің жаңа қаулысы шыққан. Қаулының 39-тармағында тапсырыс берушінің әкімшілік-аумақтық бірлікте болуынан басқа, жеткізушінің заңды мекен-жайы карантин аймағындағы әкімшілік-аумақтық бірлікте тіркелсе немесе төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сол аумақта шектеулер болса, байқау комиссиясы жеткізушіні қабылдаудан бас тартуға құқылы делінген. Алайда, бұл тармақтың нақты түсіндірмесі жоқ болғандықтан, мемлекеттік сатып алуға қатысушылар мен тапсырыс берушілер арасында түсініспеушілік туындап жатыр.

Ал облыстағы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы Руфат Акрамовтың түсіндіруінше, аталған екі кәсіпкер сенімсіздік танытып отырған конкурстардың барлығы да заң аясында арнайы тәртіп бойынша жүргізілген. Атап айтқанда, «Топаз» ЖШС «Жерасты сулары қорымен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстары» нысаны бойынша конкурстан жеңілген себебі, компанияның өтінімінде жұмысты тапсыру орны аумағында, атап айтқанда Риддер қаласында, Глубокое, Жарма, Көкпекті, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха, Аягөз және Алтай аудандарында ресурстарының барлығын растайтын құжаттары болмаған. Қазір аталған конкурс бойынша «Топаз» ЖШС шағымына сәйкес облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті аудиторлық тексеру жүргізуде. 

–  «ДСУ-14» ЖШС-не келер болсақ, компания 2020 жылдың басынан бері Өскемен қаласында орташа жөндеу бойынша 10 конкурсқа қатысты. Олардың ішінде екі конкурсқа жіберілді. Алайда, баға ұсынымында жеңіліп қалды. Қалған сегіз конкурста «ДСУ-14» ЖШС-нің өтінімі 39 пунктке сәйкес арнайы тәртіпті қолдана отырып, қайтарылды. Себебі, аумағы бойынша кәсіпорын Көкпекті ауданының Самар ауылында орналасқан. Сонымен қатар, қосымша ақпарат ретінде айта кетсем, «ДСУ-14» ЖШС-і Көкпекті ауданында екі нысан бойынша арнайы тәртіпті қолдану арқылы конкурсқа қатысып, жеңімпаз деп танылды. Біріншісі, Өскемен-Тарғын-Самар автокөлік жолының 113-133 шақырымдарын орташа жөндеу, нысан құны –   375 млн. теңге. Екінші нысан – Преображенка-Шұғылбай автокөлік жолын орташа жөндеу, құны – 301 млн. теңге. Екі конкурс бойынша бекітілген келісім 646,4 млн. теңгені құрайды, – дейді Руфат Акрамов.   

Жиында әріптестерінің өз аттарына қаратып айтқан наразылықтарына қарсы тендерді жеңіп алған  кәсіпорындардың басшылары да өз пікірлерін білдірді. «Востоквзрывпром» ЖШС директоры Дмитрий Сомов нақақ жала жапқаны үшін жоғарыда аты аталған екі кәсіпкерге қатысты сотқа талап арыз бергенін мәлімдеді.

– Біздің компанияда мыңнан аса адам бар және 200 бірлікке тарта жаңа техникамыз бар. Тәжірибеміз үлкен, бюджетке миллиардтап қаржы салып отырмыз. Егер салыстырып қарар болсақ, қазіргі таңда Александр Иванович сіздің штаттық бірлігіңіз менің инженерлік-техникалық қызметкерлерімнен үш есе аз. Зауытыңыздың күші де үш есе кем. Техника паркіңіз ескі. Дәл осындай көрініс Бағадаевта да бар. Біздің 15 бұрғылау техникамыз қазір жаңа. Екі компанияны да бізге жала жапқаны үшін сотқа беріп отырмын. Алғашқы отырыс осы айдың 11 күні өтеді, – Дмитрий Сомов. 

«Терезе» ЖШС өндірістік бөлім басшысы Людмила Ельцова да өзінің әріптестеріне өкпесі бар боп шықты. Оның айтуынша, өткен жылы «ДСУ-14» ЖШС Самар тас жолындағы жөндеу жұмыстары барысында әділетсіздік танытып, «лақтырып» кеткен.

– Мен «ДСУ-14» ЖШС-нің «қаладағы ең үздік құрылыс компанияларының біріміз» деп жүргенін естіп, қапаландым. Өткен жылы қосалқы мердігер ретінде «ДСУ-14» ЖШС-гін жұмысқа тарттық. Келісімшарт сомасы 595 миллион теңгені құраған. Осы келісімге сәйкес, Самар тас жолына шығатын жолдан 950 метр автомобиль жолына дейін екіқабатты асфальтбетон жамылғысы бар жер төсемін толығымен салу керек болды әрі бұл жолды құрылыс маусымы біткенше өткізіп, қысқа дейін дайын болуы керек болды. Бірақ «ДСУ-14» келісімде тұрмай, уәде етілген 950 метрдің тек 100 метрге жетер-жетпесіне асфальт салды. Осылайша, жөндеу жұмыстарына өзіміз араласып, өз күшімізбен уақытында бітірдік, – деді Людмила Ельцова.

Комиссияның келесі отырысы жұма күні болады. Барлық құжаттар қамтамасыз етіліп, ашық қаралады. Облыс прокурорының бірінші орынбасары Виталий Шабер де комиссия жұмысының ашық жүргізілетінін мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Болдырмау

Пікіріңіз модерациядан кейін сайтта пайда болады.

ЖалпыӨзектіПікір алаңы

Бүгін, 12:09

"Қорғаныс костюмдерін өзімізде шығарамыз" - ШҚО әкімі

Бүгін, 11:29

Зайсандық Қуаныш салмағы 8 жарым тонна болатын екі бірдей жүк көлігін қатар сүйреді (видео)

Бүгін, 10:43

ШҚО дәрігерлеріне көмекке Татарстаннан әріптестері келеді

Бүгін, 09:36

ШҚО-да бір тәулікте 113 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін, 08:00

9-11 шілдеге арналған ауа райы болжамы

08.07.20, 21:19

13 шілде аза тұту күні болып жарияланады

08.07.20, 20:10

Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті – ШҚО әкімі

08.07.20, 19:15

ШҚО-да 470 мың адам тегін маскамен қамтамасыз етіледі

08.07.20, 18:22

Екі ауданның әкімі коронавирус жұқтырды – ШҚО

08.07.20, 17:51

ШҚО-да тағы бір ауданда карантин режимі күшейтілді

08.07.20, 17:00

ШҚО-ға биыл 216 жедел жәрдем көлігі әкелінеді

08.07.20, 16:15

Өскемендегі котлованда ер адам суға кетті

08.07.20, 15:27

Өскемендегі сквердегі абаттандыру жұмыстары аяқталып қалды (видео)

08.07.20, 14:28

Семей әкімі коронавирустан құлан таза айығып, жұмысына кірісті

08.07.20, 13:51

ШҚО-да жан басына шаққандағы орташа табыс қанша?

08.07.20, 13:25

Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды

08.07.20, 12:30

ШҚО-да 77 жас суретші Абайдың туындыларын қылқаламмен бейнеледі

08.07.20, 10:00

ШҚО-да өткен тәулікте 135 адамнан коронавирус анықталды

08.07.20, 09:01

ШҚО-да бүгін ауа райы қандай болады?

07.07.20, 23:45

Қазақстанда жазылғандар саны 17 мыңға жуықтады

Әрі қарай

01.04.19, 09:15

Зайсан көлінің жағасынан өлі қолтырауын табылды

17.05.19, 11:04

Мектеп ремонтына ақша сұраса, мына номерге хабарласыңыз:

13.03.19, 14:27

Зайсандағы 130 шақырымдық бәйге. Жолда өлген жануар, мәреге жеткен сегіз және қатаң тексеру

01.10.19, 17:54

Тарбағатайда бір үйдің 70 қойын қасқыр жайратып кетті

24.01.20, 18:52

Абайдың 84 жыл бұрын шыққан кітабы табылды

16.05.19, 20:12

ШҚО-да тағы бір құс фабрикасы салынуы мүмкін

15.03.19, 10:55

"Малға мініп жүрген ат": 130 шақырымдық бәйгенің жеңімпаздары туралы

25.06.19, 16:30

1000 адамды қабылдауға дайын. Арыс тұрғындары ШҚО-ға қоныс аудара алады

19.04.19, 20:00

«Анашым, келші жанымызға». Күршімде 8 жыл бұрын жоғалып кеткен әйелді туыстары әлі іздестіруде

14.03.19, 16:06

1 сәуірден бастап әлеуметтік жәрдемақы қалай өзгереді?

29.10.19, 12:00

Катонқарағайда адамдарды аяқтарынан атып тонап жүрген кім?

03.10.19, 10:47

Тарбағатайдан Қожаберген батырдың зираты табылды

28.03.20, 09:45

Өскемен карантинге жабыла ма? Даниал Ахметов жауап берді

04.03.19, 11:06

"Бала қатты күйіп қалған, терісі езіле бастапты". Өскеменде времянкадан тағы өрт шықты

15.10.19, 10:04

ШҚО-да Қытай әскерімен бірлескен оқу-жаттығу операциясы басталды

28.01.20, 12:27

Қазақстанда короновирустың алдын алу шаралары күшейтілді

25.04.20, 10:23

Биік белестерді бағындарған әскери бөлім

24.10.19, 14:16

«Бізге Зайсаннан емес, Тарбағатайдың өзінен газ тартылады»

25.04.19, 15:03

Өскеменде кемшіліктерді көшеде жүріп жырлайтын ерекше ақын пайда болды (ВИДЕО)

03.04.19, 16:33

ШҚО-дағы басқармалардың біріне жаңа басшы тағайындалды

07.04.14, 00:00

Түтінді газ ағынын инфрадыбыс әсерімен тазартады

Бүгін, 12:09

"Қорғаныс костюмдерін өзімізде шығарамыз" - ШҚО әкімі

Бүгін, 11:29

Зайсандық Қуаныш салмағы 8 жарым тонна болатын екі бірдей жүк көлігін қатар сүйреді (видео)

Бүгін, 10:43

ШҚО дәрігерлеріне көмекке Татарстаннан әріптестері келеді

Бүгін, 09:36

ШҚО-да бір тәулікте 113 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін, 08:00

9-11 шілдеге арналған ауа райы болжамы

08.07.20, 21:19

13 шілде аза тұту күні болып жарияланады

08.07.20, 20:10

Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті – ШҚО әкімі

08.07.20, 19:15

ШҚО-да 470 мың адам тегін маскамен қамтамасыз етіледі

08.07.20, 18:22

Екі ауданның әкімі коронавирус жұқтырды – ШҚО

08.07.20, 17:51

ШҚО-да тағы бір ауданда карантин режимі күшейтілді

08.07.20, 17:00

ШҚО-ға биыл 216 жедел жәрдем көлігі әкелінеді

08.07.20, 16:15

Өскемендегі котлованда ер адам суға кетті

08.07.20, 15:27

Өскемендегі сквердегі абаттандыру жұмыстары аяқталып қалды (видео)

08.07.20, 14:28

Семей әкімі коронавирустан құлан таза айығып, жұмысына кірісті

08.07.20, 13:51

ШҚО-да жан басына шаққандағы орташа табыс қанша?

08.07.20, 13:25

Тоқаев ел азаматтарын дүрбелеңге салынбауға шақырды

08.07.20, 12:30

ШҚО-да 77 жас суретші Абайдың туындыларын қылқаламмен бейнеледі

08.07.20, 10:00

ШҚО-да өткен тәулікте 135 адамнан коронавирус анықталды

08.07.20, 09:01

ШҚО-да бүгін ауа райы қандай болады?

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: