"Қаралу ақылы, ал туалет далада". Семейлік тұрғын аурухананың қызмет сапасына шағымданды (ВИДЕО)
20.01.2021 | 10.25
0
491
ШҚО-да жарқыраған жаңа медициналық мекемелер салынып, ішіне қазіргі заманның техникалары қойылып жатыр. Алайда науқастарға, емделушілерге қарапайым көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы аянышты.
Мәселен инстаграм әлеуметтік желісіндегі semey_news16 парақшасында Мария есімді семейлік тұрғынның қалдырған бейнежазбасы көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Желі қолданушы Ет комбинаты ауданындағы ауруханаға барған. Мұндағы қызметтердің барлығы ақылы болғанмен, «қысылған» науқастар дәрет сындыру үшін далаға баруға мәжбүр екенін айтады.
- Ет комбинаты ауруханасы. Міне, қараңыздар, қабылдау, барлық қызметтер ақылы, ал туалет далада. Туалеттің қайда екенін сұрағанымда далаға барасың деді. Мынау сұмдық, дала аяз, бізді адам құрлы көрмей ме? - деген семейлік тұрғын «шынайы өмір суреттегіден әлдеқайда жұпыны» деп налиды
Иә, науқастар даладағы дәретханаға барады, советтік дәуірден қалған ескі темір төсектерде жатады.
- Тоңғанды қоя тұрып, құлап қалса қайтпек?! Жүкті әйел болып, баласына бірдеңе болып қалса не болмақ?Ал қарт адамдар қайтеді? – деп пікір қалдырды Надия есімді желі қолданушы.
Комментарии (0)