Өңірде 3 бірдей бордақылау алаңы салынып жатыр
21.12.2021 | 16.21
0
47
Өңірде салалық бағдарлама аясында 7 мың бас ірі қараға арналған үш бордақылау алаңы салынып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
2025 жылға дейін 46 мың басқа арналған 20 бордақылау алаңын қолданысқа беру жоспарда бар. Бұл шаралар алдағы жылдары облыстың ет балансын 5 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.
Биыл өткен жылға қарағанда облыста мал шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Атап айтқанда, жыл басынан бері ірі қара саны 3,5 процентке, ұсақ мал басы – 0,9 пайызға, жылқы – 9,4, құс саны 1,2 пайызға өскен.
Сонымен қатар, тамақ кәсіпорындарының өндірістік қуаты да артқан.
- «Көкжал» шаруа қожалығының базасында еуропалық стандарт бойынша, жылдық қуаты 7,5 мың тонна ет өңдеуге жететін цех салынып жатыр. Жобаның құны бір 1 млрд теңгені құрайды, - деді аймақ басшысы өз сөзінде.
Комментарии (0)