«Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз» – Семейдің әкімі
01.04.2021 | 16.45
0
336
Семей қаласының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тұрғындардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл қар суының еріп, адамдарға қолайсыздық тудыруына қатысты болып отыр. Осы ретте әкім тиісті мекемелердің басшыларымен бірге қаладағы бірнеше нысанды аралап шығыпты.
- Кей жерлерде жаяу жүргіншілердің қозғалысын қиындатқан еріген судың жинақталуы мәселелері пысықталуда. Өз кезегінде, туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді, сіздердің барлық сын-ескертпелеріңіз алдағы жұмысымызда ескерілетін болады! – деді қала басшысы.
Семейде ылғал мен қардың жылдам еруінің салдарынан жоласты топырақтардың шөгуі де орын алуда. Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, аталған мәселені шешу мақсатында кепілдік міндеттемелерге сәйкес, жол үстін толтыру және грейдерлеу жұмыстары жүргізілетін болады.
-Жолдың үстіңгі қабатын толық қалпына келтіру, келісімшарттық міндеттемелерге сәйкес, ағымдағы жылдың мамыр айында жүзеге асырылады. Бұл мәселе қатаң бақылауда, - дейді ол.
Сонымен қатар, 2020 жылы Әуезов даңғылы бойындағы сумен жабдықтау желілерін қайта құру жобасын іске асыру бойынша жұмыстар басталған болатын. Салдарынан даңғылдағы жолдың жекелеген учаскелерінде асфальтталған жол жамылғысы бұзылған. Бұл өз кезегінде көлік құралдарының жүруіне қолайсыздық тудыруда. Қазіргі уақытта жолдың беткі қабатын толтыру жұмыстары басталды. Сонымен бірге, көктем-жаз мезгілінде кепілдік міндеттемелерге сәйкес асфальт бұзылған жерлерде жол жабыны қалпына келтірілу жұмыстары жүргізіледі.
Бұдан бөлек, шаһар басшысы орталық саябақтағы атқарылған жұмыстармен танысып қайтқан екен. Мұнда қалпына келтіру жұмыстары 2019 жылы басталған. Саябақтағы жөндеу жұмыстары өз жалғасын тауып, ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін аяқталмақ.
Қаланың орталық бөлігіндегі проблемалы аймақтардың бірі - Дулатов көшесіндегі жолдың сапасы. Аталған көшеде сумен жабдықтау желілерін қайта құру жобасы жүргізілуде. Әкімнің айтуынша, бұл жоба бойынша келісімшарт 2021 жылдың 1 маусымына дейін жасалған.
Комментарии (0)