"Өскемен" және "Шүлбі" ГЭС-тері 100 пайыз мемлекетке тиесілі
14.01.2022 | 09.50
0
25
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ел Үкіметі Шығыстағы қос гидроэлектростанцияны сатудан бас тартты. Осы орайда гидроэлектростанцияның баспасөз қызметі де пікір білдірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– «ҚР Үкіметі мен БАӘ Үкіметінің бірлескен декларациясын ратификациялау туралы» заң жобасын Мәжілістен кері қайтарып алу туралы Үкімет қабылдаған шешімге байланысты Өскемен және Шүлбі ГЭС-теріне көптеген сауалдар келіп түсіп жатыр. Біз «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС үлесінің 100%-ы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасында мемлекетке тиесілі екенін хабарлаймыз, – деп жазылған хабарламада.
Мамандардың айтуынша, қазір су электр станциялары ел тұрғындары мен кәсіпорындарды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін штаттық режимде жұмысын істеп тұр.
Комментарии (0)