Өскеменде жол талғамайтын көлік өртенді
28.12.2021 | 09.33
0
39
Облыс орталығындағы Сәтпаев және Байбатчин көшелерінің қиылысында көлік өртенді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2011 жылғы Toyota Prada көлігінің қозғалтқыш бөлігі, салоны, алдыңғы орындықтары мен дөңгелектері өртеніп кеткен.
Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 4 шаршы метр алаңғы жайылған қызыл жалынды ауыздықтады.
Өрттің шығу себебі, алдын ала болжам бойынша – қауіптілігі жоғары қондырғылары абайсыз пайдалану.
Комментарии (0)