1 қыркүйекте оқушыларға Әліппе табысталады – Асхат Аймағамбетов
11.08.2021 | 11.32
0
153
Білім күнінде 1-сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
– 1 қыркүйекте өтетін салтанатты шара дәстүрлі форматта, мектеп аумағында 1-сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады. Оларға салтанатты түрде Әліппе табысталады. Ал 2-11 сынып оқушылары бекітілген кабинеттерге барып, тақырыптық сынып сағаттарына қатысады, – деді министр Үкімет отырысында.
Комментарии (0)