Бүгін Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Жаңалықтар

Бүгін Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні

0

1330

Сұрапыл соғыс жылдарында Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі көп жылдар бойы еленбей келгені, тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілгені мәлім. Батырдың ерлігі жылдар бойы ресми Мәскеу тарапынан көпе-көрнеу ескерілмеді.

 Өзге ұлт өкілі болғандықтан кемсітушілікке ұшырап, ерлігі жоққа шығарылып келді. Әйтсе де Рақымжан Қошқарбаевтың дос-жарандары, майдандас бауырлары мен тілегі бір замандастары 30 сәуірді оның тағдырындағы ең ерекше күн деп есептеп, оған қоңырау шала құттықтап, тіпті екінші рет дүниеге келген күні ретінде атап өтуді біразға дейін дәстүрге айналдырса керек. Өйткені бұл күн – Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні болатын.

Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Целиноград ауданында туған. 1942 жылы әскерге алынған. Деректерге қарағанда, 1944 жылы қазан айынан бастап 1-Беларусь майданындағы Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында 150-ші взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатысқан. 1945 жылы 30 сәуірде лейтенант Рақымжан Қошқарбаев жауынгер Григорий Булатов екеуі Совет әскері арасынан Берлиндегі Рейхстагқа бірінші болып Жеңіс туын тікті.

 Айта кетерлігі, қазақ батырының осынау ерлігін алғаш болып әлемге әйгілеген мемлекет қайраткері, жазушы Кәкімжан Қазыбаев еді. Ол Бауыржан Момышұлының тапсырмасы бойынша Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі лайықты бағасын алуы үшін көп еңбектеніп, көп ізденді. Қазақ жауынгерінің дәл сол сәттегі әрекетін дәлелдейтін жүзден астам құжатты тауып, көтеріп, шетелдік басылымдарда да жариялануына түрткі болды. Баукеңнің осы тапсырмасы туралы жазушы өзінің «Найзағайдай жарқылдап» атты кітабында былай деп еске алады:

 « – Мен сені неге шақырдым?-деді.

– Білмедім, Бәуке!

– Білмесең, жаңа осында маған сәлем бере бір жігіт келді. Аты – Рахымжан. Фамилиясы қошқар ма, ісек пе, азбан ба, әйтеуір қойдың бір түрі, оны өзің анықтап алғайсың. Міне, сол жігіт... Міне, сол жігіт Рейхстагқа ту тіккен. Понимаешь?! Сен ұғып тұрсың ба, өзің?-деді.

– Ұғып тұрмын, Бәуке!

 – Өтірік айтасың! Ұқсаңдар, неге жазбайсыңдар? Соғыс біткелі он үш жыл. Ана Рахымжанды көрмей жүрген неғылған журналиссіңдер?! Журналистке диплом емес, сезім, жүрек, көргіш көз керек. Жоқ, сол сендерде жоқ. Знаешь ты, кто такой Рахымжан? Мен де оны бүгін бірінші рет көрдім. Білесің бе, кімнің сәлем бере келгенін? Это исторический человек! Мен де соғысқа қатыстым. Дивизияны басқардым. Москва түбіндегі шайқасты көрдім. Төрт жыл бойғы сұрапыл соғыстың небір сұмдық қияметтері көз алдымда. Бірақ Берлинді алардағы, Рейхстагқа ту тігердегі қырғын – ол нағыз жойқын қырғын! Как воин, как командир я представляю что это такое, это было невероятно! Рахымжан сол тозақтың ішінде болған, сол тозақтан аман шыққан! Жеңіс жалауын тіккен. Кім үшін?! Мына сені мен мен үшін! Бүгінгі шолжаң қағып тірі жүргендердің бақыты үшін! Сол бір тозақта оның өзінің тірі қалуы ̶ это чудо! Жеңіс деген бақыт ̶ сол анау Рахымжан, Рахымжандар! Сен оны тап!».

 Кәкімжан Қазыбаев батыр Баукенің тапсырмасын бұлжыртпай, тіпті артығымен орындады. Әйтсе де сол дәуірдің солақай саясаты, советтік режимнің өзімшілдігі Рақымжан Қошқарбаевтың қаһармандығын мойындауға міз бақпаған еді.

Тек Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1999 жылы мамырдың 7-сінде Президент Н. Назарбаевтың Жарлығы бойынша Рахымжан Қошқарбаевқа Халық Қаһарманы атағы беріледі.

Еске сала кетсек, Ресейдің Әскери тарих институты 1-і Беларус майданындағы 150-і атқыштар дивизиясының лейтенанты Рақымжан Қошқарбаевтың 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстагқа ту тіккені туралы тарихи оқиғаны 2007 жылдың 7 мамырында ресми түрде растады.


Қанат Мәметқазыұлы

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

22.01.21, 17:40

Алматы - Өскемен тасжолы жабылды

22.01.21, 16:47

Зейнетақы қорының бір бөлігін алу үшін мына сайтқа өтінім бересіз

22.01.21, 14:15

Маскасы шешілген Семей депутаттары жазалануы мүмкін

22.01.21, 13:20

Өскеменде тағы бір жаңа үйдің төбесінен су сорғалап тұр (ВИДЕО)

22.01.21, 12:48

Күртесінің жеңінен атыс қаруын тапты - Семей

22.01.21, 11:37

Минус 40 градус. Ертеңнен бастап аяз түседі

22.01.21, 10:49

Көлігі сынып, жолда қалған жігіт құтқарылды – Тарбағатай

22.01.21, 10:08

"Крещение суы". Шығыс Қазақстанда өзен суы 1000 теңгеден сатылып жатыр

22.01.21, 09:57

Тұрақтандыру қоры тізіміне қандай азық-түлік түрлері кіреді?

22.01.21, 09:30

Коронавирус: Қазақстанда 291 адамның жағдайы ауыр

22.01.21, 09:24

Медициналық сақтандыру туралы тағы бір мәселе

21.01.21, 15:15

Есірткі шегіп алып, автобус жүргізген - ШҚО

21.01.21, 14:33

Жаңа түскен келіндерді отбасындағы бақыт құпиясын ашуға үйретті - ШҚО

21.01.21, 13:20

ШҚО-да лауазым иелерін пара беруге азғырған екі адам сотталды

21.01.21, 12:10

Киізден жасалған аяқ киім. ШҚО тұрғыны грант алып, кәсіп ашты

21.01.21, 11:46

КамАздан құлаған бөренелер жолды бөгеп қалды – Семей

21.01.21, 11:24

Қанат Исламның жекпе-жегі тағы шегерілді

21.01.21, 10:52

ШҚО-дағы "Үздік тергеушілер" кімдер?

21.01.21, 10:00

"Шығыс – Адалдық алаңының" WhatsApp желісіне 1000-нан астам шағым түскен

21.01.21, 09:40

"ЦОН-дарға" бронь арқылы ғана бара аласыз - Өскемен, Семей

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

16.11.20, 10:13

ШҚО-да тағы бір қала карантинге жабылды

Бүгін, 06:20

ШҚ Өнер музейінде көрме ашылды. Қандай? (ФОТОРЕПОРТАЖ)

22.01.21, 17:40

Алматы - Өскемен тасжолы жабылды

22.01.21, 16:47

Зейнетақы қорының бір бөлігін алу үшін мына сайтқа өтінім бересіз

22.01.21, 14:15

Маскасы шешілген Семей депутаттары жазалануы мүмкін

22.01.21, 13:20

Өскеменде тағы бір жаңа үйдің төбесінен су сорғалап тұр (ВИДЕО)

22.01.21, 12:48

Күртесінің жеңінен атыс қаруын тапты - Семей

22.01.21, 11:37

Минус 40 градус. Ертеңнен бастап аяз түседі

22.01.21, 10:49

Көлігі сынып, жолда қалған жігіт құтқарылды – Тарбағатай

22.01.21, 10:08

"Крещение суы". Шығыс Қазақстанда өзен суы 1000 теңгеден сатылып жатыр

22.01.21, 09:57

Тұрақтандыру қоры тізіміне қандай азық-түлік түрлері кіреді?

22.01.21, 09:30

Коронавирус: Қазақстанда 291 адамның жағдайы ауыр

22.01.21, 09:24

Медициналық сақтандыру туралы тағы бір мәселе

21.01.21, 15:15

Есірткі шегіп алып, автобус жүргізген - ШҚО

21.01.21, 14:33

Жаңа түскен келіндерді отбасындағы бақыт құпиясын ашуға үйретті - ШҚО

21.01.21, 13:20

ШҚО-да лауазым иелерін пара беруге азғырған екі адам сотталды

21.01.21, 12:10

Киізден жасалған аяқ киім. ШҚО тұрғыны грант алып, кәсіп ашты

21.01.21, 11:46

КамАздан құлаған бөренелер жолды бөгеп қалды – Семей

21.01.21, 11:24

Қанат Исламның жекпе-жегі тағы шегерілді

21.01.21, 10:52

ШҚО-дағы "Үздік тергеушілер" кімдер?

21.01.21, 10:00

"Шығыс – Адалдық алаңының" WhatsApp желісіне 1000-нан астам шағым түскен

21.01.21, 09:40

"ЦОН-дарға" бронь арқылы ғана бара аласыз - Өскемен, Семей

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: