1991 жылы Тәуелсіздік күні Қазақстан баспасөзі не жазды?

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Тәуелсіздік - 30

1991 жылы Тәуелсіздік күні Қазақстан баспасөзі не жазды?

0

47

1991 жылы халық Желтоқсан оқиғасына қатысты нені талап етті? "Тәуелсіздік алғаннан кейін не болады?" деген сұраққа елдегі жұмысшылар қалай жауап берді?

“Жас Алаш”

№240 (12777), 1991 жылдың 17 желтоқсаны, сейсенбі

1991 жылы “Жас Алаш” газетінің 17 желтоқсанындағы санында басты бетте “Жүрегімді сыздатқан Желтоқсанның жарасы” деген атпен әр өңірден келген мақалалар жарияланған. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданынан Төлеген Қалимажанов 1986 жылы 16 желтоқсанда болған оқиғаны еске алады.

Қарғыс атқыр сол бір оқиғаны есіме алсам, қазағым деп алаңға шыққаны үшін айуандықпен жазаланған аяулы боздақтарымыз бен қаракөз қарындастарымыздың жазықсыз төгілген қаны мен дәрменсіздіктен шырқырап шыққан жан дауысы құлағымда шуылдайды да тұрады, – дейді ол.

Автор КСРО ыдыраса да, әкімшіл-әміршіл жүйені сақтап қалғысы келетін, тіпті алмағайып уақытты пайдаланып, империалистік-сепаратистік әрекетті қолдаушылар бар екенін айтқан.

Ағаларымыз Олжас, Мұхтарлар не үшін алтын бастарын тауға да, тасқа да соғып жүр? Ойланайықшы бір сәт! Неге біз қор болып келдік, неге бізді басынуға бәрі құмар? Неше жыл бойы жерімізді ядро жарылысынан көз ашқызбағаны, бар байлығымызды тонағаны, халқымызды қынаша қырғаны, байтақ жерімізге қашқан-пысқан, қудаланғандарды әкеліп тығып, тілден де, діннен де айырғаны аздай-ақ, енді атамыз Абайды нашақор деп, бабаларымыз қанын төгіп, қорғаған жерімізге қол сұғып, батыс аймақтарымыздан қарулы казактар армиясын құрмақ болып отырғаны, шығысымыздағы даңғойлары полигонды зиянсыз деп айтқаны – қай қорлықтары? Сонда біз не үшін елміз деп жүрміз, намысымыз қайда? – дейді Төлеген Қалимажанов.

Орал облысындағы Ақсай тұрғыны Мұраден Смағұлұлы алаңда митинг ұйымдастырғандарды жаншығандар әлі де жазаланбағанына наразылық білдірген.

Сол жастарды ұрып-соғып, зәбірлеген, айуандықпен өлтірген “иттер” неге жер басып жүре бере алады екен? Неге осы кезге дейін оларды ел алдына шығарып айыптамасқа, неге құрғақ жазумен ғана келесіздер? Ол жауыздардың ішінде біразы өз ұлтымыздан да бар көрінеді. Оларды ел алдына шығарып, ақсақалдар сотына салу керек. Бұл жөнінде біздің құрметті де қадірлі ең таңдаулы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев жолдас қандай ойда? – дейді Мұраден Смағұлұлы.

Семей облысы Үштөбе ауылынан Қалел Қабылқақұлы билікке Желтоқсан оқиғасына қатысты бірнеше талап қойған:

1.              Кінәсіз оқудан шығарылып, жұмыстан қуылған азаматтардың материалдық және моральдық шығынын қалпына келтіріп, оларды жазықсыз қудалау тоқтатылсын;

2.              Азамат Мұхтар Шаханов бастаған беделді комиссия жазықсыз жала жабылғанғандар мен түрмеде отырғандарды толық ақтап, оларға бостандық әперсін;

3.              Қанды қырғынды тікелей ұйымдастырушылар, кінәлі адамдар тезірек жауапқа тартылсын;

4.              Қазақстанның “Қазақ батыры” атағы тағайындалып, ол марқұм Қайрат Рысқұлбековке берілсін.

Айта кетейік, 1996 жылы Қайрат Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы берілді.

“Егеменді Қазақстан”

№290 (20065), 1991 жылдың 18 желтоқсаны, сәрсенбі

“Егеменді Қазақстан” газетінде 1991 жылдың 18 желтоқсан күні Ермұрат Бәпи “Тәуелсіздік алдық, ендігі тындырар іс қайсы?” деген мақаласында елдегі азаматтардан тәуелсіздік алғаннан кейінгі өмір қалай болатынын сұраған.

Павлодар трактор зауытының технигі М.Жәмшібаева:

– Газеттің айдарындағы “егеменді” сөзін “тәуелсізге” өзгерту керек деп ойлаймын. Тәуелсіздіктің мүддесіне сай тындырылған істер осылайша көрер көзге көрініп тұруға тиіс. Парламент тәуелсіздік алып берді деген – аты ғана, оны баянды ету әр азаматтың міндеті болуы шарт.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының мүшесі Ә.Жүкенов:

Құққа құл болуға құлшынған ел өзінің осындай ерік-жігерін әлдеқашан білдіруге тиіс еді. Ендігі басты мақсат – тәуелсіз ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болу.

Саудагер Э.Хегай:

Қазақстанның тәуелсіздігінен корей халқы қорлық көрмейтініне әбден сенімдімін. Себебі 40 жылғы ғұмырымда өзге жұртты білмеймін, қазақтың қамқор пейіліне көз жеткізген адаммын. Тіпті желтоқсанның 16-сынан кейін менің атажұртым – алыстағы Корея Қазақстанға тағы да бір табан жақындай түскендей болды.

Тепловоз машинисі А.Дедор:

Егер әлемнің басқа жерінде бұған дейін қазақ деген елдің тәуелсіздігі танылмаған болса, Қазақстан үшін мынадай заңды қадам айып па екен? Мұны мойындамау ұлыдержавалық кеудемсоқтықтың тағы бір белгісі дер едім. Енді республиканың халықаралық байланысын бұрынғыдан да күшейту керек. Басқаны білмеймін, Батыс елдері Қазақстан үшін құшақ жаюға даяр ма деп қаламын.

Медицина ғылымының кандидаты С.Қуатов:

5 жыл бұрын Геннадий Колбиннің күшпен, қантөгіспен таққа отырған күні мен республика тәуелсіздігінің жарияланған күні тұстас келгеніне таңданамын. Сондықтан болашақ туралы айтқанда ең әуелі 16 желтоқсанды Республика тәуелсіздігі күні деп жариялау керек.

 

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 17:34

ШҚО тұрғындары жерлестерін ауылдық округ әкімдерін сайлауға қатысуға шақырады

Бүгін, 17:00

Семейде жер үсті өткелі салынады

Бүгін, 16:06

Аптап ыстықта абай болыңыз!

Бүгін, 15:50

«Алакөл, рақмет!» - Қайрат Нұртас шығысты тағы шу еткізді

Бүгін, 15:34

Түске дейін тұрғындардың 50 пайызы дауыс берді – ШҚО

Бүгін, 14:23

ШҚО-да жастар ауылдық округ әкімдерінің сайлауына қатысуда

Бүгін, 13:18

Жаңа оқу жылында мектепте сабақтар қалай өтеді?

Бүгін, 12:21

Коронавирус пневмониясынан 10 адам көз жұмды

Бүгін, 11:31

ШҚО-да сағат 10.00 де сайлаушылардың келуі 18 пайызды құрады

Бүгін, 11:05

ШҚО-да 77 үміткер ауылдық округ әкіміне сайлауға түсіп отыр

Бүгін, 10:44

Алғашқы сайлаушылар өз дауыстарын берді - ШҚО

Бүгін, 10:15

Бір тәулікте 6 631 адам коронавирус жұқтырды

Бүгін, 09:32

Токио Олимпиадасы: ел қоржынындағы алғашқы медаль

Бүгін, 09:08

ШҚО-да 221 сайлау учаскесі ашылды

Бүгін, 08:32

«Қызыл» аймақ: ШҚО-да карантин шаралары күшейтілді

Бүгін, 08:00

Елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы басталды

24.07.21, 14:52

Алдағы үш күнде 42 градусқа дейін ыстық болады

24.07.21, 12:44

Шығыс Қазақстан «қызыл» аймаққа өтті

24.07.21, 11:06

Семейдегі фтизиопульмонология және оңалту орталығында төсек-орын саны көбейтілді

24.07.21, 10:49

Қазақстанда коронавирустан қанша бала көз жұмды?

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

Бүгін, 17:34

ШҚО тұрғындары жерлестерін ауылдық округ әкімдерін сайлауға қатысуға шақырады

Бүгін, 17:00

Семейде жер үсті өткелі салынады

Бүгін, 16:06

Аптап ыстықта абай болыңыз!

Бүгін, 15:50

«Алакөл, рақмет!» - Қайрат Нұртас шығысты тағы шу еткізді

Бүгін, 15:34

Түске дейін тұрғындардың 50 пайызы дауыс берді – ШҚО

Бүгін, 14:23

ШҚО-да жастар ауылдық округ әкімдерінің сайлауына қатысуда

Бүгін, 13:18

Жаңа оқу жылында мектепте сабақтар қалай өтеді?

Бүгін, 12:21

Коронавирус пневмониясынан 10 адам көз жұмды

Бүгін, 11:31

ШҚО-да сағат 10.00 де сайлаушылардың келуі 18 пайызды құрады

Бүгін, 11:05

ШҚО-да 77 үміткер ауылдық округ әкіміне сайлауға түсіп отыр

Бүгін, 10:44

Алғашқы сайлаушылар өз дауыстарын берді - ШҚО

Бүгін, 10:15

Бір тәулікте 6 631 адам коронавирус жұқтырды

Бүгін, 09:32

Токио Олимпиадасы: ел қоржынындағы алғашқы медаль

Бүгін, 09:08

ШҚО-да 221 сайлау учаскесі ашылды

Бүгін, 08:32

«Қызыл» аймақ: ШҚО-да карантин шаралары күшейтілді

Бүгін, 08:00

Елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы басталды

24.07.21, 14:52

Алдағы үш күнде 42 градусқа дейін ыстық болады

24.07.21, 12:44

Шығыс Қазақстан «қызыл» аймаққа өтті

24.07.21, 11:06

Семейдегі фтизиопульмонология және оңалту орталығында төсек-орын саны көбейтілді

24.07.21, 10:49

Қазақстанда коронавирустан қанша бала көз жұмды?

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: