2,7 миллион гектар жер қайтарып берілуі тиіс - Даниал Ахметов
15.09.2021 | 11.06
0
68
ШҚО әкімі жер қатынастары және ауыл шаруашылығы басқармаларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қазір пайдаланылмаған алқаптарды қолданысқа жарату өте маңызды болып отыр. Себебі көптеген шаруа қожалықтары жайылымдық жерлердің тапшылығын сезінуде. Бүгінгі таңда жердің бір бөлігін бұрынғы меншік иелері өз еркімен қайтарып берді.
- 2,7 миллион гектар - бұл қайтарып берілуге тиіс жерлер. Бұл бастама Глубокое, Аягөз және Зайсан аудандарында қарқынды жүріп жатыр. Сонымен қатар, біз өнімділігі төмен және өсімдік шаруашылығы үшін тиімсіз жайылымдық жерлерді беру мәселесін қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ, 164 гектар жерді бірқатар елді мекендердің әкімшілік шекарасына қосу қажеттілігі бар, - дейді аймақ басшысы.
Даниал Ахметов қалалар мен аудандардың әкімдеріне бір ай ішінде мал жайылым мәселесін шешуді тапсырды. Оның ішінде жайылымдар пайдалануға беріле ме, суаруға арналған орындарды даярлау қажеттілігі туындап жатыр ма деген сияқты сұрақтар да бар. Бірінші қаңтарға дейін бос жайылымы бар аудандар мен жайылымы жетіспей жатқан аудандармен мәселені шешу қажет.
Комментарии (0)