ШҚО-да "Өскемен-Семей" тасжолы жаңартылатын болды
17.12.2021 | 13.04
0
47
2022 жылы ШҚО-да екі үлкен қаланың байланыстыратын "Өскемен-Семей" тасжолы қайта жаңартылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл жұмысқа бес миллиард теңге бөлінді. Алдағы жылы "Семей - РФ шекарасы" жолдары да жаңартылады деп жоспарланды. Облыстық мәслихат сессиясында бұған және бес миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар Бородулиха ауданындағы Жезкент шекара өткелінің кіреберісі жөнделеді.
Ал 2023 жылдан бастап "Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" тасжолын жаңарту жұмыстары басталуы тиіс. Шекараға баратын көлік қалаға кіріп жүрмес үшін Шемонаиханы айналып өтетін жол салу жоспарланды.
Бұған дейін хабарлағынымыздай, ШҚО-да 2022 жылы атқарылатын жол жұмыстарына қаржы бөлінді.
Комментарии (0)