2025 жылға дейін республикалық жолдар 100 пайыз жөнделеді – министрлік
17.05.2022 | 10.51
0
54
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздегі автомобиль жолдарының жай-күйін баяндады.
Министрдің айтуынша, еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 25 мың шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар болса, қалған 71 мыңы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар.
- 2025 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 100 пайызға, жергілікті желі жолдарының үлесін 95 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр, - деді Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында.
Көлік-транзиттік әлеуетті арттыру міндеттерін іске асыру 8 көлік дәлізін жаңғырту арқылы қамтамасыз етіледі.
- Бүгінде жалпы барлық дәліздер толық қуатында жұмыс істеп тұр. Жекелеген учаскелер бойынша өткізу қабілетін арттыру үшін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді ол.
Комментарии (0)