30 тамызда ауа райы бұзылады
30.08.2021 | 10.39
0
48
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қазгидромет мәліметіне сүйенсек, 30 тамызда солтүстік пен шығыс аймақтарда найзағай ойнап, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, орталықта, шығыста, оңтүстік — шығыстың таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін.
Тек еліміздің батысында, солтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады деп күтілуде. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 15-20 метр.
Комментарии (0)