30 жыл жарық болмаған көшенің мәселесі шешілді – Семей
24.11.2021 | 10.25
0
61
Семейде 30 жылдан астам уақыт жарық болмаған көшенің мәселесі шешілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қаладағы Туристическая көшесін (РСУ-1 кенті бағытындағы жол) жарықтандыру жұмыстары аяқталды. Осы жылдың қыркүйек айында Семей әкімі Бақытжан Байахметов РСУ кенті тұрғындарымен кездескен болатын. Тұрғындар әкімнен жарықтандыру мәселесін шешіп беруді сұраған еді.
Мұнда отыз жылдан астам уақыт бойы жарық болмаған екен. Айта кету керек, жұмыстар қазан айында басталып, диодты шамдармен жарықтандырылған 73 бағаналар орнатылды.
Сондай-ақ, өткен аптада Энергетик кентінде көше жарығын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, Қаржаубайұлы көшесінің бір бөлігіне де жарық қосылды. Ол жерде бұрын жарықтандыру бағаналары мүлде болмаған.
Қазір жұмыстар Морозов көшесінде жүргізілуде. Аталған көшеде бағаналар орнатылып, сымдар тартылып, заманауи жарықдиодты шамдар ілінеді.
Комментарии (0)