31 қазанда ауа райы қандай болады?
30.10.2021 | 16.01
0
42
Синоптиктер 31 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты.
"Фронталды бөлімдердің ықпалымен республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлері ғана жоғары қысым ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Нұр-Сұлтанда ауа температурасы күндіз 2 градус болады, бұлтты.
Алматыда күндіз 10 градус, бұлтты.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, облыстың оңтүстік-шығысында жел соғады. Ақмола, Қостанай облыстарының солтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және батысында тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.
Комментарии (0)