«А.Л.Ж.И.Р» қойылымының актерларымен кездесу өтті - ШҚО
25.05.2022 | 15.01
0
76
Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада жақында ғана көрерменге жол тартқан «А.Л.Ж.И.Р» қойылымының актерларымен кездесу өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Елі үшін еңбек етіп, тер төккен боздақтардың өздерін аға атып тастамай, олардың бала-шағалары мен жарларын да жазалаған болатын. Талғамы жоғары көрерменнің көңілінен шыға білген қойылым актерлары дайындық барысындағы қиындықтармен, қызықтармен бөлісті.
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні мен театр маусымының жабылуымен тұспа тұс келіп отыр. «А.Л.Ж.И.Р» психологиялық драмасын қоюдағы да басты мақсат осы болған көрінеді.
Актерлардың айтуынша, қойылым барысында күнде бірге жүрген нәзік жанды әріптестеріне зекіп сөйлеп, театр әдісімен болса да қол көтеру өте ауыр болған.
- Мен зиялы қауым өкілі болған Тұрар Рысқұловтың жары Азиза Рысқұлованы сомдап шықтым. Шынын айту керек, кейіпкерімнің тағдырын зерттеу кезінде беріліп, жылап жүрдім. Себебі оның тағдыры өте ауыр болған. Дайындық кезінде де кейіпкердің үлкен қызымен хат алмасатын сахналарында өз балаларым көз алдыма елестеп, көз жасыма ерік берген кездер көп болды, - дейді Алмажай Төремұрат.
Режиссер Абай Дәулетұлы алдымен Ақмола облысындағы «Алжир» лагеріне барып, өз көзімен көріп қайтқан. Алайда аталмыш лагерь туралы нақты ешқандай ақпарат таба алмаған. Себебі, архив пен интернет беттерінен көптеген мәліметтер өшірілген екен, өкінішке орай. Сондықтан қандай да бір ақпараттарды табу қиынға соққан.
Қойылымға дайындық кезінде, өз рөліне тым қатты беріліп, жүрегіне жақын қабылдаған кей актрисаларға жедел жәрдем шақыруға тура келген кез болған көрінеді.
Комментарии (0)