Ақмектепке таза ауыз су жетті – ШҚО
27.01.2021 | 17.12
0
175
Шығыстағы Тарбағатай ауданының Ақмектеп ауылына таза ауыз су тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Сапалы ауыз су үйді-үйге жеткізілді, – деп пікір білдірді облыс әкімдігі.
Ал Тарбағатай аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Ақмектеппен бірге Екпін ауылына да су құбыры тартылғанын хабарлады. Сондай-ақ Маңырақта су құбыры жөнделіп, Айнабастау, Алғабас, Ақжал, Жолқұрылыс ауылдарына блоктық-модульдік станция орнатылыпты. Осы жұмыстарға 812,2 миллион теңге жұмсалған көрінеді.
Аудандық бөлімнің ақпараты бойынша, Тарбағатайда таза сумен қамтылған елді мекендер саны елу бірге жетті.
Комментарии (0)