Ақ Олимпиадаға Алтайдан тоғыз спортшы қатысады
28.01.2022 | 10.48
0
52
2022 жылғы Қысқа Олимпиада ойындары 4-22 ақпан аралығында Бейжіңде өтетіні белгілі. Әлемдік додада ел намысын қорғайтын саңлақтардың ішінде шығысқазақстандық тоғыз спортшысы бар, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Он үш лицензия жеңіп алған тоғыз спортшымыз фристайл, трамплиннен шаңғымен секіру, биатлон және тау шаңғысы сияқты спорт түрлері бойынша бәсекеге түседі.
– Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Олеся Граур, Сергей Ткаченко, Галина Вишневская-Шепоренко және Захар Кучин сынды спортшылармыздың әрқайсысы ірі халықаралық жарыстарда топ жарды. Бірақ Олимпиаданың маңызы бір бөлек. Мен біздің құрамаға сәттілік тілеймін, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Бұл әлемдік додаға барлығы 95 ел қатысады. Жарыста спорттың 7 түрінен 15 бағдарлама бойынша 109 медаль ойнатылады.
Комментарии (0)