Қаңтар оқиғасы: Семей мен Өскеменде 5 мыңнан астам адам жиналған
17.01.2022 | 17.41
0
279
5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында экстремистер мен арандатушылардың ұйымдастыруымен лаңкестік шабуылдар болды, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Департамент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен және Семей қалаларының орталық алаңдарына барлығы 5 мыңнан астам адам жиналған.
- Құқық қорғау органдарының түсіндіру жұмыстарына қарамастан, қазіргі уақытта террористер деп танылған, тек әкімшілік ғимараттарға ғана емес, сонымен қатар мүлік пен автокөлікке де шабуыл жасаған. Шабуыл барысында олар заңсыз сақталған атыс қаруы, ұрып-соғу және жаншып-кесу заттарын пайдаланды. Пиротехникалық және қолдан жасалған тұтану қоспалары қолданылған, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Облыс бойынша заңсыз іс-әрекеттер нәтижесінде 26 бірлік қызметтік автокөлік зақымданып жойылды.
Комментарии (0)