Қабанбай батыр ескерткішінің маңы абаттандырылды – Өскемен
28.10.2021 | 15.35
0
36
Қабанбай батыр ескерткішінің маңы толығымен абаттандырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Енді монументтің жанына сквер бар. Ол жерге ағаштардың декоративті тұқымдары отырғызылды. Жолдарға тақта тастар төселіп, демалуға арналған жаппалар қалпына келтірілді.
– Бұл жер енді Өскеменнің визит картасына айналады. Монументке жақын маңда орналасқан Шығыс кенті мен 28-ші ықшам аудан тұрғындарының сүйікі демалыс орындары болатыны да сөзсіз, – дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Комментарии (0)