Абай өміріндегі ақын қыз кім?

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Мақалалар

Абай өміріндегі ақын қыз кім?

0

178

Абай атамыз араласқан, жас кезінде ақындық өнердің, шешендік өнердің, шешендіктің үлгісін бойына дарытқан адамдардың ішінде Абайға соншалықты жақын адамдардың бірі – Сыбан Сабырбай ақын. Сол Сабырбай ақынның қызы – Қуандық Абай өміріндегі ерекше жан. Сөзі қайратты, сұлу да қайсар қыз жарқ етіп ақын жүрегіне ғашықтықтың отын салып, сол жалын бірте-бірте екі ақын арасындағы жарасымды сыйластыққа ұласып, өмірлерінің соңына дейін өшпей сақталған екен.  

Ақылымен де, көркімен де өзіне сай келген Қуандықты Абай жігіттік шағында жар етіп алмақшы да болады. Алайда, Абайдың атастырылған жері Алшынбайдың Ділдасы болса, Қуандық та керей ішінде беделді адамға айттырылып қойыпты. Ел салтынан аттай алмаған жастардың арасы достық, сыйластыққа ұласып жүре береді. Бұл оқиға Әуезов романында шындыққа жанасымды суреттелген де. Романға дер кезінде әділ де құнды пікір айта білген Ғ.Мүсірепов дәл осы Абай мен Қуандықтың жақындығына орай: «Тоғжаннан кейін, Ділданы алғаннан кейін Абайдың оп-оңай Қуандық қызға айқаса кетуі арзан мінезге жатады. Меніңше, бұл екеуінің арасындағы жақындық шегі оқтанып барып, тоқтау, қақтыға жаздап, шалқайып кетуден әрі кетпеу керек сияқты» деген пікір айтқан. Екі алыптың арасына сыналап төрелік айту қиын. Ғ.Мүсірепов көркемдік шындыққа қарай қиялап, Абайдың абыройын сақтап қалудың амалын ұсынса, Әуезов дәл осы эпизодты өмір шындығына жеңдірген. Жазушы сомдаған эпопеядағы Қуандық образы – аса сәтті шыққан бейне десек,  оның сәттілігі де осы шынайылығында.

«Абай мен Қуандық қыз арасында махаббат болған. Және оны бүркемелеудің реті жоқ. Қайта екі ақынның қосыла алмай қалған сәттерінен ел аузындағы жұрнағы қалған өлеңдерге ден қойсақ, Қуандық қыз бен Абай арасындағы көмескі тарта бастаған рухани көпірдің жүлгесіне жан бітері айқын», – деп жазады абайтанушы ғалым Бауыржан Ердембеков. Суырыпсалмалық өнерді еркін меңгерген Абай Қуандықтың керей еліне біреуге атастырылғанын, бірақ еркетотай қыздың әйелі бар еркекке тоқалдыққа барғысы келмейтінінен алдын ала хабардар болып алып, бірде Қуандықты көре сала былай деп сөз қағыстырыпты:

Ауылыңа мендей қонақ қонып жүр ме?
Үнемі жігіт жолы болып жүр ме?

Қуандық, мен сұрайын, айтасың ба,

Көңілің күйеуіңе толып жүр ме?!

Сонда қалада оқып, орысша киінген (жалпы, Тобықты елінің киім үлгісі ықшам, қалалықтарға жақын болған екен) Абайға Қуандық саспастан:

Басыңда ши қалпағың, белін буған,

Көрген жан Қуандық деп мойнын бұрған.

Найманның сендей салы толып жатыр,

Бұтына көн шалбары әрең сыйған, – деген көрінеді. Сол кезде Қуандықтың бұл өктем сөзіне әкесі Сабырбай қысылыңқырап әрі қызының ықыласынсыз кереймен құда болғанын мойнына алғандай:

Қуанжан, не себептен әнге бастың?

Айтыста өлең жырдан сен бәйге алдың.

Бір келген құзырыңа мейман шығар,

Көңіліне ауыр тиер Абайжанның, – деп Абайға үй тіктіріп, ерекше күткен екен. Осы кездесуде ақылына келбеті келіскен Қуандықты Абай ұнатып, оның жездесі Асылбекке сөз салып, қызды жақын таныстыруын өтінеді. Асылбек ел ішінің өсегінен қорықса керек, Қуандыққа «Абайға жоламасын» деген ескерту айтып, «балдызымның атастырылған жері бар, уәдеге берік» деп Абайға жалтара  жауап береді. Қыздың көңілін тауып келген Абай Асылбектің жақтамағанына наразы болып:

Ауыл жылжып қоныпты жалпақ шиге,

Екі даугер жүгінер әділ биге.

Балдызыңыз уағдаға берік екен,

Сырғып барып жатыпты шеткері үйге, – деп болған істі жайып салған екен. Осы тарихи жолдардан Әуезов те эпопеяда алыс кетпеген. Абай мен Қуандықтың жастық сезімі, махаббат баяны тұйыққа тірелгенімен, кейінгі тірлікте аса жақсы сыйласып, достық қатынастарын үзбеген екен. Тіпті Абай Қуандықтың ақынға тән өрлігіне, еркелігіне аса түсіністікпен қараған. «Бірде Қуандық төркіндеп келе жатып, Абай үйіне соғады. Күтушілер аттан түсіріп алайын десе, Қуандық: «Абай үйде ме?» – деп сұрайды.

«Үйде» десе, ол ат үстінде тұрып:

– Мені Абайдың өзі түсіріп алсын, – депті. Үйде отырған Абай:

– Жарайды, Қуандық екен ғой, – деп дауысынан танып, өзі шығып Қуандықты қолтықтап түсіріп, атын байлаған екен. Қуандықты аттандырарда Абай оған бір жақсы атты жетектетіп, шапан жауыпты.

– Біздің қосыла алмауымызға сен де, мен де жазықты емеспіз, ата дәстүрінен аса алмадық, – деп қимастық білдірген екен». Өмірінде Абаймен төрт рет кездескен халық ақыны Төлеу Көбдіков (дарын-таланты нағашы жұртынан дарыған атақты ақын, анасы – біз айтып отырған Қуандық ақын) өз естелігінде былай дейді: «Абайды екінші рет 24 жасымда күзге таман көрдім. Шешеммен, екі ініммен, бірнеше жолдасымыз бар, нағашымызға бара жатып Абай ауылына түстік. Абай апамның алдына таяу келіп, қарсы алып, құшақтап амандасты. Келген қонақты мұндай құрметпен қарсы алу Абайдың әдетінде жоқ екен. Сол жылы Абайды Әбен сабады деген хабар елге тарап, Абайдың қатты жүдеп жүрген кезі екен. Апам келген соң Абай көңілденіп, қағытпа әзілдерді көп айтып отырды. Екеуі де әзіл сөздерін бір-біріне батыра айтады. Бір мезгілде босаға жақта домбыра шертіп отырған жігітке Абай қарап: «Сен немене әлгі керейдің жаман «Қарагерін» тартып отырсың ба?» – деді. Апам бұған недәуір шамданып қалды да: «Керейді кемітіп, мақтаймын деген тобықтың не опа көрсетті саған?» – деп тіке кетті. Содан Абай мен апам екеуі ата шежіре айтысып, ұзақ таласқа кіріп кетті». Бұл кездесу де Қуандық Абайдың жастық кездегі ғашығы ғана емес, өмір бойғы сырлас досы, терезесі тең сөйлесе алар, көзі ашық, көкірегі ояу қазақ әйелінің ішіндегі сирек жандардың бірі болғанын көрсетеді.

Ф.ғ.д., профессор Бауыржан Ердембеков

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 18:00

ШҚО-да жазғы тілдік мектептердің жобасы әзірленеді

Бүгін, 17:26

Рухани құндылықтар – бейбітшілік пен келісімнің кілті

Бүгін, 17:14

Риддер ЖЭО-ға министрліктен комиссия келеді

Бүгін, 16:32

ШҚО-да бау-бақша серіктестіктері электр энергиясымен қамтамасыз етіледі

Бүгін, 16:16

Жиһаз аламын деп, алаяқтың арбауына түсті - Өскемен

Бүгін, 15:44

«Конституциялық реформа» тақырыбында семинар өтті - Өскемен

Бүгін, 15:28

Өскемен әкімі аула мен жол жұмыстарын тексерді

Бүгін, 14:59

Референдум: Конституциялық өзгерістердің айқын 10 көрінісі

Бүгін, 11:03

Жағажайлардағы судың сапасы тексеріледі - Өскемен

Бүгін, 10:18

Риддердегі өрт: Кінәлі азаматқа қатысты сот шешімі шықты

Бүгін, 10:00

ШҚО гвардияшылары ҚР Қорғаныс министрлігінің батальонымен бірлесіп оқу-жаттығу өткізді

Бүгін, 09:38

ШҚО-ға 4271 мың тонна көлемінде көмір қоры қажет

25.05.22, 17:38

"Ипотека бойынша көмектесемін" ШҚО-да алаяқ 6 млн теңге жымқырып кетті

25.05.22, 17:25

Өскеменде қолөнершілер байқауы өтеді

25.05.22, 16:19

Өскеменде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізіледі

25.05.22, 15:31

Семейлік тұрғыннан бір келі марихуана тәркіленді

25.05.22, 15:01

«А.Л.Ж.И.Р» қойылымының актерларымен кездесу өтті - ШҚО

25.05.22, 14:51

28,2 млн теңге сомасына 23 грант берілді – ШҚО

25.05.22, 11:32

Өскеменде гараж өртенді

25.05.22, 11:09

ШҚО-да мемлекеттік грант кімдерге беріледі?

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 18:00

ШҚО-да жазғы тілдік мектептердің жобасы әзірленеді

Бүгін, 17:26

Рухани құндылықтар – бейбітшілік пен келісімнің кілті

Бүгін, 17:14

Риддер ЖЭО-ға министрліктен комиссия келеді

Бүгін, 16:32

ШҚО-да бау-бақша серіктестіктері электр энергиясымен қамтамасыз етіледі

Бүгін, 16:16

Жиһаз аламын деп, алаяқтың арбауына түсті - Өскемен

Бүгін, 15:44

«Конституциялық реформа» тақырыбында семинар өтті - Өскемен

Бүгін, 15:28

Өскемен әкімі аула мен жол жұмыстарын тексерді

Бүгін, 14:59

Референдум: Конституциялық өзгерістердің айқын 10 көрінісі

Бүгін, 11:03

Жағажайлардағы судың сапасы тексеріледі - Өскемен

Бүгін, 10:18

Риддердегі өрт: Кінәлі азаматқа қатысты сот шешімі шықты

Бүгін, 10:00

ШҚО гвардияшылары ҚР Қорғаныс министрлігінің батальонымен бірлесіп оқу-жаттығу өткізді

Бүгін, 09:38

ШҚО-ға 4271 мың тонна көлемінде көмір қоры қажет

25.05.22, 17:38

"Ипотека бойынша көмектесемін" ШҚО-да алаяқ 6 млн теңге жымқырып кетті

25.05.22, 17:25

Өскеменде қолөнершілер байқауы өтеді

25.05.22, 16:19

Өскеменде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға конкурс өткізіледі

25.05.22, 15:31

Семейлік тұрғыннан бір келі марихуана тәркіленді

25.05.22, 15:01

«А.Л.Ж.И.Р» қойылымының актерларымен кездесу өтті - ШҚО

25.05.22, 14:51

28,2 млн теңге сомасына 23 грант берілді – ШҚО

25.05.22, 11:32

Өскеменде гараж өртенді

25.05.22, 11:09

ШҚО-да мемлекеттік грант кімдерге беріледі?

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: