Адам өмірін құтқаратын плазма

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Басты жаңалықтар

Адам өмірін құтқаратын плазма

0

18

Облыстың иммундық плазма қорында 2373 доза бар. Бірақ плазма банкін ұдайы толықтырып тұру қажет. Сондықтан Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы плазма дайындауды қайта қолға алды.

Қан орталығының директоры Светлана Шмурыгинаның айтуынша, бүгінгі таңда иммундық плазманы қолдану мәселесі медицина қызметкерлері үшін аса өзекті болып тұр. Себебі коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға уақытында көмек көрсетіп, олардың тезірек сауығып кетуіне қол жеткізу қажет.

-          Коронавирус инфекциясын емдеу кезінде иммундық плазма құюдың қандай көмегі бар?

-          Ковидке қарсы плазманы қолдану әдісі пассивті иммунитет құруға негізделген. Екпе алғанда белсенді иммунитет түзіледі, яғни адам ағзасына бөтен агент түскенде ол вирус жоятын өзінің антиденелерін әзірлей бастайды. Антиденелер вирусқа әсер етіп, жойып жібереді. Нәтижесінде біз асқынудың алдын аламыз, науқастың жазылуы жеделдейді.

-          Плазма барлық пациенттерге құйыла ма?

-          Иммундық плзаманы қолдану Қазақстан Республикасындағы ересектерде коронавирус инфекциясын диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасымен белгіленген. Иммундық плазма науқастың жағдайы ауырлаған кезде құйылады. Егер пациенттің дене қызуы көтеріліп, дем алу жиілігі минутына 24-тен асып кетсе, ентігу пайда болып, лимфоциттердің деңгейі төмендесе, онда оксигенотерапия қажет. Клиникалық хаттамада басқа да көрсеткіштер бар.

Иммундық плазма құю дәрігерлердің консилиумы арқылы шешіледі. Өйткені бұл қанның бір компоненті болғандықтан, оны құю адам тінін трансплантациялауға теңестірілген. Сондықтан мұндай шешім мұқият талқыланып, тексерілгеннен кейін ғана қабылданады.

Клиникалық хаттамада басқа да қарсы көрсетілімдер бар, мысалы «үмітсіздік терапиясы» секілді. Өткен жылдың шілде айында иммундық плазманы енгізген кезде осы әдіс «үмітсіздік терапиясы» ретінде қолданылған, негізінен аса ауыр жағдайларда. Кейін мұндай жағдайда иммундық плазманың тиімсіз екені анықталады. Өйткені плазма оның себебіне, яғни вирусқа әсер етеді. Ал пациенттің жағдайы аса ауыр болса, демек вирус өз мақсатына жетті деген сөз. Ол түрлі асқынуларға алып келеді. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған науқастарға да плазма құйылмайды. Клиникалық хаттамада көрсетілгендей, плазманы ертерек қолдану қажет, нақтырақ айтқанда, пациент стационарға түскеннен кейін 72 сағат ішінде және 10-12 күннен кешіктіруге болмайды.

-          Кімдер плазма доноры бола алады?

-          Донорға қойылатын басты талаптардың бірі – оның жасы. Донорлыққа 18-55 жас аралығындағы адам ғана жарайды. Себебі 55 жастан кейін адам қанының реологиялық қасиеттері өзгере бастайды, қарапайым тілмен айтқанда, қан қоюланып кетеді. Оның үстіне плазма әзірлеу аппараттық плазмаферез әдісімен жүзеге асырылады, ал жасы 55-тен асқан донор бұл процедура кезінде қиындықтарға тап болып, қан компонентінің дозасы алынбай қалады. Тағы бір талап – донордың жынысы. Донор ретінде көбінесе ер адамдарды таңдайды. Ал әйел-донор бала көтермеген және тумаған болуы керек. Өйткені жүктілік кезінде әйелдердің ағзасында антилейкоцитарлық антиденелер пайда болады. Бұл антиденелер өкпе тінін зақымдап, қауіпті асқынуларға әкеледі, ғылыми ортада оны TRALI синдромы деп атайды. Сол үшін де антилейкоцитарлық антиденелері бар плазманы коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттерге құймаған жөн. Науқастың өкпесі онсыз да зақымдалады, ал антилейкоцитарлық антиденелері бар плазма құю арқылы оның жағдайын одан бетер қиындатып жіберуге болады. Сондай-ақ, донордың салмағы 52 келіден аз болмауы тиіс. Нормативтік құжаттарда 50-ден аз болмасын деп көрсетілген, бірақ біздің тәжірибелік зерттеулеріміздің барысында салмағы 50 келі болатын нәзік бойжеткеннің плазма донациясын көтере алмайтыны анықталып отыр. Себебі оның қан айланымының көлемі аз болғандықтан, плазмаферез кезінде жанама реакциялар туындайды. Міндетті талаптардың біріне коронавирус инфекциясының орта немесе ауыр деңгейі жатқызылады. Инфекциядан толық жазылған кезден бастап екі аптадан кем емес уақыт өтуі тиіс, сонымен қатар, алты айдан кешіктіруге де болмайды. Алты айдан кейін антиденелердің деңгейі азаяды, демек сапалы қан компонентін әзірлеуге жарамайды. Маңызды факторлардың бірі – шынтақ шұңқырындағы тамырлар. Тамырлар жақсы табылмаса, аппараттық плазмаферез процедурасын толыққанды жүргізу мүмкін емес. Жалпы бұл процедура қалай жүзеге асырылады? Аппарат арқылы донордан қан алынады. Аппарат плазманы бөліп алады да, эритроциттерді қан тамырына қайта құяды. Эритроциттерді қайтару процессі қысыммен жүргізілетіндіктен, донордың тамырлары мықты болу керек, жіңішке тамырлар жарылып кетеді.

Донорларға жалпылама қойылатын тағы бірқатар талаптар бар. Атап айтқанда, әр донор электрондық база арқылы тексеріледі. В, С гепатиті, ВИЧ, сифилис, бруцеллёзбен ауырғандар, психоневрологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандар донор бола алмайды. Қант диабеті бар адамдар донорлықтан босатылған. Сондай-ақ, донорлықтан уақытша босатылатын жағдайлар да болады: кез-келген вирустық инфекцияда – екі аптаға, тіс экстракциясы – 10 күнге, баспа (ангина) ауруында – бір айға дейін.

Сонымен қатар, донор антиденеге тексеріледі. Егер антиденелердің мөлшері жеткілікті болса, донорды тағы да инфекцияға тексереді, яғни биохимиялық, иммуногематологиялық зерттеулерден өтеді. Талдау нәтижелері жақсы болған жағдайда ғана плазма донациясына шақыртылады.

Донордан 600 мл плазма немесе үш доза алынады. Ол вирустық инактивациядан өтіп, мұздатылады. Плазманы үш жылға дейін сақтауға болады екен.

-          Коронавирус инфекциясына қарсы екпе алғандар иммундық плазма доноры бола ала ма?

-          Вакцинаның екі компонентін де алғандарға ғана рұқсат етілген. Алайда вакцинадан кейін екі ай уақыт өтуі керек. Осы уақыт аралығында ағзада антиденелердің жеткілікті мөлшері түзіледі. БРесей, Қарағанды, Алматыдағы әріптестеріміз вакцинацияланған донорлардан иммундық плазма алып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Екпе алғандарда антиденелердің мөлшері айтарлықтай жоғары.

-          Шығыс Қазақстанда иммундық плазманың қоры қандай?

-          Облыста науқастарды коронавирус инфекциясынан емдеу үшін плазма қоры жеткілікті – 2373 доза. Бүгінде пациенттерге 1557 доза құйылды. Дегенмен банк плазмасын үнемі толықтырып отыру қажет. Сондықтан тұрғындарды иммундық плазма доноры болуға шақырамын. Бір адам екі адамның өмірін құтқара алады. Қан орталығына келгенде өзіңізбен бірге жеке бас куәлігін, екпе паспорты немесе екпе алғаныңыз жөнінде анықтамаңыз болу керек.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 09:49

Абай даңғылының бойында жаңа тротуар болады – Өскемен

Бүгін, 09:35

ШҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

28.07.21, 16:56

ШҚО: мектептен қашқан жасөспірімдер неліктен көлік ұрлады?

28.07.21, 16:37

Қазақстандық мектептерге ашық енгізіле ме?

28.07.21, 15:52

ШҚО-да жол апатынан бір адам қаза тапты

28.07.21, 15:15

Жыл сайын кемінде 700 мың шаршы метр баспана салынуы тиіс - Даниал Ахметов

28.07.21, 14:55

Өскеменде көлік аударылып қалды

28.07.21, 14:29

Семей тұрғынынан төрт мылтық тәркіленді

28.07.21, 11:33

ШҚО-да Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 40-тан астам нысан ашылады

28.07.21, 11:11

Бұқтырмаға тағы екі адам батып кетті

28.07.21, 11:01

Холодный ключ кентінде салынған су құбыры 40 үйге жеткізілді - Семей

28.07.21, 10:36

Риддер мен Шемонаихадағы тұрғын үйлерде проблемалар бар

28.07.21, 10:33

Тәуелсіздік тойына орай облыстық мүшәйра жарияланды

28.07.21, 10:00

Құрылысшылар материалдардың қымбаттауына шағымданады – ШҚО әкімі

28.07.21, 09:20

Алакөлдегі кәсіпкерлер неге алаңдайды?

28.07.21, 09:00

ШҚО-да биыл 27 әлеуметтік-мәдени нысан салынады

27.07.21, 17:33

Семей полигонының жабылғанына – 30 жыл. Қандай шаралар өтеді?

27.07.21, 16:35

ШҚО-да "Қайырымды істер марафоны" жалғасуда

27.07.21, 16:15

Тәуелсіздік жылдарындағы Шығыс Қазақстанның жетістіктері

27.07.21, 15:09

Өскеменде тағы да "жарылыс" болады

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

Бүгін, 09:49

Абай даңғылының бойында жаңа тротуар болады – Өскемен

Бүгін, 09:35

ШҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

28.07.21, 16:56

ШҚО: мектептен қашқан жасөспірімдер неліктен көлік ұрлады?

28.07.21, 16:37

Қазақстандық мектептерге ашық енгізіле ме?

28.07.21, 15:52

ШҚО-да жол апатынан бір адам қаза тапты

28.07.21, 15:15

Жыл сайын кемінде 700 мың шаршы метр баспана салынуы тиіс - Даниал Ахметов

28.07.21, 14:55

Өскеменде көлік аударылып қалды

28.07.21, 14:29

Семей тұрғынынан төрт мылтық тәркіленді

28.07.21, 11:33

ШҚО-да Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 40-тан астам нысан ашылады

28.07.21, 11:11

Бұқтырмаға тағы екі адам батып кетті

28.07.21, 11:01

Холодный ключ кентінде салынған су құбыры 40 үйге жеткізілді - Семей

28.07.21, 10:36

Риддер мен Шемонаихадағы тұрғын үйлерде проблемалар бар

28.07.21, 10:33

Тәуелсіздік тойына орай облыстық мүшәйра жарияланды

28.07.21, 10:00

Құрылысшылар материалдардың қымбаттауына шағымданады – ШҚО әкімі

28.07.21, 09:20

Алакөлдегі кәсіпкерлер неге алаңдайды?

28.07.21, 09:00

ШҚО-да биыл 27 әлеуметтік-мәдени нысан салынады

27.07.21, 17:33

Семей полигонының жабылғанына – 30 жыл. Қандай шаралар өтеді?

27.07.21, 16:35

ШҚО-да "Қайырымды істер марафоны" жалғасуда

27.07.21, 16:15

Тәуелсіздік жылдарындағы Шығыс Қазақстанның жетістіктері

27.07.21, 15:09

Өскеменде тағы да "жарылыс" болады

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: