Аграрлық сектор Алтай экономикасының басты бағыты – Қалихан Байғонысов

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Сұхбат

Аграрлық сектор Алтай экономикасының басты бағыты – Қалихан Байғонысов

0

73

Алтай – аймақ эконмикасына алға бастап тұрған аудандардың бірі. Өнеркәсібін өркендетіп, мәдениетін жаңғыртқан кенді Алтайдың халқы мәнді өмір кешіп отыр. Осы сөзіміз дәйекті болу үшін Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысовпен сұхбаттасқан едік.


Қалихан Байғозынұлы, Алтай ауданы еліміз Тәуелсіздік алғалы бері қандай жетістіктерге жетті?

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Алтай қарқынды дамып, облыстың маңызды өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды. Бүгінде ауданде 72 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 67-сі шағын, үшеуі орта және екеуі ірі кәсіпорын. Аудан халқының басым бөлігін жұмыс орындарымен қамтамасыз ететін негізгі кәсіпорындар «Қазмырыш» ЖШС-ның «Алтай» тау-кен байыту кешені және «Бұқтырма цемент компаниясы» ЖШС.

Сіздің ойыңызша аудан қай кезден бастап тұрақты даму жолына түсті?           

2000 жылдан бастап аудан экономикасы тұрақты өсу кезеңіне өтті. Мемлекеттік даму бағдарламалары есебінен өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес саласы өркендей бастады. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Алтай ауданы қарқынды дамыды. Шығыс Қазақстан облысының маңызды өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болған Алтай, бұл атағын осы күнге дейін осы сақтап келеді.

Кәсіпорындар еңбек және өндіріс жағдайларын жақсарту үшін қандай қадамдарға барды?

Мысалы, «Қазмырыш» ЖШС Қазақстан Тәуелсіздігінің үш онжылдығы ішінде «Алтай» КБК бөлімшесін қазіргі заманғы жабдықтармен, техникамен, механизмдермен және ұйымдастыру техникасымен жарақтандыруды айтарлықтай арттырды. Тәуелсіздік жылдарында бұл жерде компания қызметкерлерінің еңбек жағдайлары айтарлықтай жақсарды.

Ауданның бөркін аспандатып тұрған кәсіпорындарға еңбегі әбден сіңген жұмысшылар бар болар? Сол жайында әңгімелеп берсеңіз?

«Қазмырыш» компаниясының табысы, әлбетте, мыңдаған еңбекқор және бастамашыл адамдардың жұмысының нәтижесі. Олардың қатарында "Алтай" тау-кен байыту кешенінің жұмысшылары да бар. Мәселен Сергей Баев елеулі еңбегі үшін III дәрежелі «Кенші даңқы» белгісімен марапатталған. Ол Малеев кенішінің тау-кен қазу жұмыстарының жер асты тау учаскесінің шпур бұрғылаушысы. Ербол Жүніспаев – "Алтай" КБК фабрикасының бас инженері. Ол кәсіпорында 15 жылдан астам жұмыс істеп келеді. Креативті кенші үнемі заманауи жабдықтарды игеріп, қолданысқа енгізіп жүреді.

Тәуелсіздік жылдары қандай жаңа кәсіпорындар ашылды?

«Фаворит» ЖШС бар. Мұнда басқа бөлімшелермен қатар фанера шығаратын жаңа өндіріс орны құрылды. Темірбетон бұйымдарын өндіретін «ВЕРФ-строй» ЖШС бар. Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша, «жасыл экономика» аясында «Тұрғысын 1» компаниясы шілде айында алғашқы су электр станциясының құрылысын аяқтады.

Аудан экономикасын алға бастап тұрған қандай секторлар?

– Аграрлық сектор біздің ауданымыздың экономикасының ең басым бағыттарының бірі. Өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің 75%-ы өсімдік шаруашылығы саласына, 25%-ы мал шаруашылығына тиесілі. Неғұрлым мол өнім дақылдар – бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, майлы дақылдардан – күнбағыс және рапс. Ауданның аграршылары жыл сайын ылғал ресурстарын сақтау технологиясы бойынша өңделетін егіс алқаптарын ұлғайтуда. Бүгінде алқаптың көлемі 55 мың гектар болды.

Биылғы егін қалай болды?

– Биыл орта есеппен гектарынан 20 центнерден астам өнім алдық. Гектарынан 40 центнерден астам өнім алған шаруашылықтар да бар. Жыл сайын "Луч" және "Алтай Беловодье" шаруа қожалықтары жоғары нәтиже көрсетеді.

Мал шаруашылығы жайында не айтасыз?

– Мал шаруашылығы да маңызды. Аудан жыл сайын мал басын көбейтуге күш салады. Ауданның елді мекендерінде бес сүт-тауар фермасы табысты жұмыс істеп тұр. 2021 жылы Полянское ауылында 1000 басқа арналған сүт-тауар фермасын салу жоспарымызда бар.

Аудандағы құрылыс саласына тоқталсаңыз.

– 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейін Алтай қаласында үш балабақша және мүмкіндігі шектеулі балалардың үй-жайы салынды. Серебрянск қаласында тағы бір балабақша ашылды. 2015 жылы Чапаев ауылында мектеп салынды. 2016 жылы Алтай қаласында 100 орындық жабық хоккей модулі салынды. Сонымен қатар Алтай ауданында 2017 жылдан бастап аудан орталығының жылу желілері жаңартылып жатыр.

Тұрғын үй құрылысы қарқын алып келе жатқан болар?

– 2012 жылы Максим Горький көшесінде 60 пәтерлі тұрғын үй салынды. Кейінірек, 2013 жылы, Космонавттар көшесінде 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. 2018 жылы аудан орталығындағы Рудный көшесінде 60 пәтерлі тұрғын үй бой көтерді. 2020 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында Алтайда тұрғын үй алуға кезекте тұрған көп балалы отбасылар үшін жалға алу құқығымен 14 жер үй салынды.

Денсаулық сақтау саласында қандай өзгерістер бар?

– 2018 жылы ауданымызда ірі қалалардың жетекші клиникаларынан кем түспейтін инсульт орталығы ашылды. 2019 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен перзентханаға күрделі жөндеу жүргізілді. Екі жыл ішінде перзентхана 357 миллион теңгеге заманауи жабдықтармен «қаруланды». 2020 жылы Алтай қалалық ауруханасында ангиографиялық операция бөлмесі ашылды.

Білім беру саласы да өз биігінде болар?

– Білім беру саласында үлкен өзгерістер болды. Ауданда 1757 тәрбиеленуші баратын 10 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100% құрайды, бір жылдан 6 жасқа дейін – 98%. Біздің өңірде 40 мемлекеттік мектеп бар, онда 7525 оқушы оқиды. Олардың барлығы кең жолақты Интернетке қосылған, "Күнделік"электронды күнделігі енгізілген. 2018 жылы Алтай ауданында робототехниканың 10 сыныбы ашылды. 2019 жылы тағы 30 мектепте ІТ-сыныптар ашылды. Қашықтықтан оқыту мәселелері бойынша колл-орталық құрылды.

Алтай туристер үшін өте тартымды аймақ болуы тиіс? Бұған не дейсіз?

– Аудандағы туризм саласы туралы айтсақ, 102 нысан бар. Көпшілігі Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан. Сондай-ақ Малеевка ауылдық округінің Быково ауылында пантамен емдейтін орындар бар. Болашақта тау шаңғысы туризмін дамытуды жоспарлап отырмыз.

Ауданда мәдениет саласы қалай дамуда?

– Қазіргі уақытта ауданда 13 клубтық мекеме, 27 кітапхана және Достық үйі жұмыс істеп тұр. Серебрянскіде ескі әкімшілік ғимараттардың бірін жөндеп, көпфункционалды мәдени-демалыс кешені етпек ойымыз бар. Бес қабатты ғимаратта мәдениет үйі, шығармашылық бағыттағы түрлі үйірмелері бар музыка мектебі және спорт залдары болады деп жоспарлап отырмыз.

Шығармашылық ұжымдар туралы айтарыңыз бар ма?

– 2013 жылы бұрынғы «Горняк» Мәдениет үйін «Горняк» мәдени-демалыс орталығы ретінде қайта құрылған. Бүгінде аталмыш орталықта хор, ән және би ансамбльдері, фольклорлық, отбасылық ансамбльдер, халық аспаптары оркестрлері, хореографиялық, драмалық, эстрадалық, вокалдық ұжымдар – жалпы 67 шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Барлығы 61 қатысушы бар. 597 адамды қамтыған 48 шығармашылық үйірме де жұмыс істеп тұр. Мәдениет саласындағы маңдайалды бес ұжымды ерекше атап өткім келеді. Олар: «Зыряночка» би ансамблі, «Миряне», «Сударушки», «Товарушки» халықтық фольклорлық ансамбльдері, «Узорье» балалар үлгілі фольклорлық ансамблі. Басқа да ұжымдары табысты өнер көрсетуде. Айталық PRESTISSIMO вокалдық студиясының тәрбиеленушілері және «Ассорти» вокалдық ансамблі.

Сөз соңында Алтай ауданының спорт саласына тоқталып өтсеңіз?

– Ауданның спорттық инфрақұрылымында үлкен серпіліс бар. Ауданда жалпы білім беретін мекемелердің спорт залдарын қоса алғанда 177 спорт ғимараты жұмыс істейді. Үш балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді: Алтай, Серебрянск қалаларында және Жаңа Бұқтырма кентінде. Жалпы отыз жыл ішінде кез-келген саланың іргетасын бекіте алдық деп есептеймін. Сондықтан жемісті де жеңісті күндеріміз әлі алда.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

Бүгін, 15:15

ШҚО-да екі жыл бойы жазадан жалтарған ұры ұсталды

Бүгін, 15:09

Бағдарлама орнатып беремін деп смартфонын иемденіп алған - ШҚО

Бүгін, 14:37

Мапруза Утуленова: "Жалпыхалықтық референдум – ел өміріндегі оң өзгерістер"

Бүгін, 11:26

Ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану бойынша семинар өтті – Бесқарағай ауданы

Бүгін, 11:18

Г. Пуссеп: "Мемлекетті дамытуда қоғамның рөлін күшейеді"

Бүгін, 10:31

Семейде мәдениет саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін, 10:21

Жарма ауданында көлік апатынан 5 адам көз жұмды

Бүгін, 10:11

Шәкәрім даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы жабылады

Бүгін, 09:32

ШҚО-да 150 келі балық тиеген браконьерлер ұсталды

Бүгін, 09:18

Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы маусымда аяқталады - Өскемен

Бүгін, 09:08

ШҚО-да ауа райы қандай болады?

22.05.22, 17:03

Өскемендік белгілі спортшы тұрғындарды референдумға қатысуға шақырды

22.05.22, 15:56

Өскемендік оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты

22.05.22, 14:04

Маусымдық аллергия: мамандар кеңесі

22.05.22, 11:25

ШҚО-да қанша түлек ҰБТ тапсырады?

22.05.22, 09:22

Абай ауданында шағын футболдан жарыс өтті

21.05.22, 16:01

Бауыржан Ердембеков: "Демократияға – батыл қадам"

21.05.22, 15:39

Құтқарушылар шомылуға қауіпсіз жерлерді атады – ШҚО

21.05.22, 14:19

Асқар Нұрғазиев: "Саяси жүйені қалыптастыру қатысу маңызды"

21.05.22, 11:52

Семейде жүк көлігі бағдаршамды құлатып кетті

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

Бүгін, 15:15

ШҚО-да екі жыл бойы жазадан жалтарған ұры ұсталды

Бүгін, 15:09

Бағдарлама орнатып беремін деп смартфонын иемденіп алған - ШҚО

Бүгін, 14:37

Мапруза Утуленова: "Жалпыхалықтық референдум – ел өміріндегі оң өзгерістер"

Бүгін, 11:26

Ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану бойынша семинар өтті – Бесқарағай ауданы

Бүгін, 11:18

Г. Пуссеп: "Мемлекетті дамытуда қоғамның рөлін күшейеді"

Бүгін, 10:31

Семейде мәдениет саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Бүгін, 10:21

Жарма ауданында көлік апатынан 5 адам көз жұмды

Бүгін, 10:11

Шәкәрім даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы жабылады

Бүгін, 09:32

ШҚО-да 150 келі балық тиеген браконьерлер ұсталды

Бүгін, 09:18

Электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы маусымда аяқталады - Өскемен

Бүгін, 09:08

ШҚО-да ауа райы қандай болады?

22.05.22, 17:03

Өскемендік белгілі спортшы тұрғындарды референдумға қатысуға шақырды

22.05.22, 15:56

Өскемендік оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты

22.05.22, 14:04

Маусымдық аллергия: мамандар кеңесі

22.05.22, 11:25

ШҚО-да қанша түлек ҰБТ тапсырады?

22.05.22, 09:22

Абай ауданында шағын футболдан жарыс өтті

21.05.22, 16:01

Бауыржан Ердембеков: "Демократияға – батыл қадам"

21.05.22, 15:39

Құтқарушылар шомылуға қауіпсіз жерлерді атады – ШҚО

21.05.22, 14:19

Асқар Нұрғазиев: "Саяси жүйені қалыптастыру қатысу маңызды"

21.05.22, 11:52

Семейде жүк көлігі бағдаршамды құлатып кетті

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: