Аграршылар аймақ экономикасын алға бастап тұр – ШҚО
07.12.2021 | 10.23
0
33
Агроөнеркәсіптік кешен аймақ экономикасының басты қозғашуы күші. Өйткені Шығыс Қазақстан облысы сүт, күнбағыс майы, бал және панты өндірісі бойынша өңірлер арасында бірінші орынға, ал ет өндірісі бойынша екінші орынға ие.
Тәуелсіздік жылдарынан бері қарай аймағымызда агроөнеркәсіп түрлене түсті. Түрленген сайын ел экономикасының өсуіне елеулі үлес қосып келеді.
Жалпы Шығыс өңірі құнарлы топырағымен «танымал», су қоймаларына, егістік жерлер мен жайылымдарға бай. Мысалы, Глубокое ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 629 шаруа қожалығы, 89 ауыл шаруашылығы кәсіпорны және 18,3 мың үй шаруашылығы айналысады.
Өсімдік шаруашылығы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымында 73,2%, мал шаруашылығы 26,8% болады.
2021 жылы егіс алқабы 105,7 мың гектар болды. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 3,2% - ға жоғары.
2021 жылы аграрлық сектор өкілдері 3 млрд.теңгеден астам сомаға 86 бірлік техника сатып алды.
2021 жылдың 10 айында аудан аграршылары 1 млрд.945 млн. теңге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шараларын алды.
Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешен өкілдері өңірдің әлеуметтік саласына, қоғамдық-саяси жағдайларға белсене араласады. Бұл Шығыстағы агроөнеркәсіптік кешен дамуының оң серпінін көрсетеді.
Комментарии (0)