Шалғайдағы Ақсу ауылына ат басын тіреген аймақ басшысыҰлы Отан соғысының боздақтары мен ардагерлеріне арнал-ған аллеяның ашылу салтанатына қатысты.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігі және «Туған жерге – тағзым» акциясы аясында бой көтерген аллеяның құрылысына 12 миллион теңге жұмсалыпты. Жалғыз аллея ғана емес, кәсіпкер азаматтар ауылға ауадай қажет, балаларға арналған ойын және футбол алаңқайлары мен жастардың би кешіне арналған арнайы орындарды да дайындап берген.
Аллеяның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген облыс Әкімі кәсіпкерлердің айтулы істеріне алғысын білдіре келе, мұндай игі істердің өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиесіне тигізер пайдасының зор екенін жеткізді. Аллеяның лентасы қиылған соң ескерткіш айналасына жас шыршалар отырғызылды.
Бұдан соң аймақ басшысы ауылға «Екі дос» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі мен «Туған жерге – тағзым» акциясының аясында салып берген би, ойын, футбол алаңқайларын аралап көрді.
Футбол алаңқайымен қатар Ақсуда хоккей және волейбол қораптары бар. Футбол секциясының өзінде қазір 29 жас өрен спортпен айналысады. Облыс басшысы Ақсу ауылының орта мектебіне де бас сұқты. Мектеп мұражайындағы тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлер келушілердің назарына ұсынылыпты.
Ауыл клубында жалғасқан жұртшылықпен жүздесу барысында облыс Әкімі Катонқарағай ауданына байланысты бірқатар мәселелерге тоқталып өтті.
– Бүгінде Катонқарағайда үлкен ауқымда шешімін таппай тұрған күрделі мәселе жоқ. Барлық кемшілік өз ретімен жөнделіп, жыл сайын ескіміз жаңарып, жоғымыз табылып келеді. Ауданда жылына кем дегенде екі-үш мектеп салынуда. Ендігі мақсатымыз – ауылдарды қазіргі заман талабына сай жаңартып-жақсарту, тірек ауылдарын дамыту. Кәсіпкерлердің бұл ретте ауылға жасап жатқан көмектеріне қолдау көрсетуіміз керек. Ауылдың тұрғыны ең алдымен еңбек ету керек. Жұмыс жоқ деген сылтау, ерінбеген адам үшін бүгінде барлық жағдай жасалған, – деді облыс Әкімі.
Ауыл тұрғындары құқық қорғау орган-дарының басшыларына шешілмей жүрген ауылішілік дау-дамайлардың бірнешеуін жеткізіп, айтылған мәселелерге сол мезетте тұщымды жауаптар алды. Аймақ басшысы Ақсу ауылында көтеріліп, айтылып жатқан мәселелердің уақыт өте шешілетінін айтты.Ұялы байланыс мәселесі де – шалғай ауылдар үшін біртіндеп оңтайланып келе жатқан күрмеуі мол істердің біреуі. Жалпы, шалғай ауылға ұялы байланыс орнату үшін әр ауылда кем дегенде шамамен 50 нөмір болуы қажет.
Облыс Әкімі Ақсу ауылында орналасқан ҚР ҚҰК шекара қызметінің 2034 әскери бөлімінің «Үшбұлақ» шекара комендатурасының жай-күйімен танысты.
Шекарашылардың күнде-лікті тыныс-тіршілігін бағамдаған аймақ басшысы ең алдымен шекарадағы байланысты өз қолымен тексеріп, келесі заставалармен телефон арқылы байланысқа шықты. Әскери қызметкерлердің баспана мәселелері де Әкім назарынан тыс қалған жоқ. Анықталғандай, келісімшарт негізіндегі әскери қызметкерлер бұл жерде баспанадан таршылық көріп отырған жоқ, тек ауылда балабақшаның болмауы әлеуметтік қиындық тудыруда, алайда, ауылда жуықта балабақша салу жоспарланған.
Комментарии (0)