Қала әкімі мектептердегі жөндеу жұмыстарын тексерді - Өскемен
24.06.2021 | 15.21
0
91
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар №11 мектеп-лицейі мен З.Ахметов атындағы №16 мектептерде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын тексеріп қайтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала әкімінің айтуынша, биыл қалалық мектептерді жөндеуге жан басына шаққанда 1,5 млдр қаржы бөлінген.
- Бұл үлкен қаржы. Осы аталған қаржыға 42 мектепті қамту жоспарланып отыр. Барлық мектептердегі жөндеу жұмыстарын бақылап отырамыз. Біздің негізгі мақсатымыз 20 тамызға дейін барлық жөндеу жұмыстарын толықтай аяқтап, қыркүйекте балаларды жөнделген, жаңа мектепте қарсы алу, - деді Жақсылық Омар.
Сондай-ақ қазіргі уақытта оқушылардың кіріп-шығуын бақылап, білім ордасының ішіне бөгде адамдарды кіргізбеу үшін турникеттер орналып жатыр. Оқу жылы басталар уақытта барлық оқушыларға карталар таратылатын болады.
- Оқу жылының басталуына дейін балаларға карталар таратылатын болады. Сондай-ақ дабыл нүктесін де орнатып жатырмыз. Себебі қандайда бір төтенше жағдай болатын болса құқық қорғау органдарына жедел ақпарат түсіп отырады. Бұл жұмыстар да тамыздың аяғына дейін аяқталады, - деп түсіндірді қала басшысы.
Комментарии (0)