Алакөлге пойыз шығады
19.05.2022 | 09.35
0
51
Жаз айларында Алакөлге жолаушылар пойызы қатынайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Ел көлемінде барлығы 11 пойыз жолаушыларды демалыс аймағына тасымалдайды.
Шығыс Қазақстаннан Алакөлге екі пойызбен жетуге болады:
№ 459/460 «Өскемен-Достық» - араға бір күн салып,
№ 6941/6942 «Ақтоғай-Достық» - күн сайын жүреді.
Болашақ Абай облысының тұрғындары да Алакөлге пойызбен бара алады: №457/458 Семей-Достық пойызы жол шығады.
Комментарии (0)