Қаланы жаңғыртудағы жұмыстар жалғасын табуда – Өскемен
27.11.2021 | 10.11
0
70
2019 жылдың қараша айында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешені енгізілген болатын. Осы жылдың 1 қарашасындағы мәліметтерге сәйкес, "Сергек " 295 970 жол-қауіпсіздік ережелерін бұзушылықты тіркеді. Сонымен қатар, бұл жүйе ұрлықты ашуға, есірткі заттарын сақтауға, бұзақылық пен басқа да құқық бұзушылықтарға көмектеседі.
Қалалық қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесі енгізіліп, белсенді қолданылып келеді. Жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылды. Енді жолаушылар жол ақысын Oskemencard картасымен төлей алады.
ШҚО әкімдігі Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен бірлесіп, қалада іске асырылып жатқан төрт жоба бойынша кредиттік шарттар жасасты. Олар - сумен жабдықтау және су бұру, көшені жарықтандыру, жылумен жабдықтау жүйелерін, сондай-ақ, ҚТҚ басқару жүйесін жаңғырту.
Көше жарығын жаңғырту бойынша 12 мыңнан астам шамды энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру жоспарланған. Қазір жалпы жұмыс көлемінің жартысынан астамы орындалыпты. 2021 жылдың соңына қарай көшелерді жарықтандыру жүйелерін диспетчерлеу бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталады.
ҚТҚ басқару жүйесін жаңғырту, бөлек жинау мен сұрыптауды енгізу мақсатында "Оператор РОП" ЖШС-мен бірлесіп, алты қоқыс тасығыш, 1200-ден астам контейнер жеткізілді. Олар қала ішінде орнатылып, өз функцияларын атқарып тұр.
Қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау желісіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен құрылыстар салынып жатыр.
Комментарии (0)