Алаяқтықтың арты – темір тор
29.10.2021 | 18.50
0
69
ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесіне соңғы уақытта ҚР ҚК 190-бабы, яғни алаяқтық жолмен бөтеннің мүлкін ұрлау, иемдену сынды қылмысқа барып, сотты болғандар жиі түседі.
Мұндай құқық бұзушылықтардың ауырлығына қарай мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі. Аталған бап бойынша сотталғандардың көбі жазасын одан әрі ОВ-156/1 мекемесінде өтеп, шаруашылық қызмет көрсету жасағында қалдыруды сұрайды. Қазіргі таңда шаруашылық қызмет көрсету жасағында «алаяқтықпен» сотталған азаматтар аз емес.
Олармен жұмыс істеу кезінде тәрбие бөлімінің қызметкерлері адамдарды құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептерді талдайды. Әдетте, көбі алаяқтықтың арты неге апарып соғатынын ойламайды, әрі оңай ақшаға тез үйренеді.
Жазасын өтеп отырған Светлана екі баланың анасы. Ол ҚР ҚК 190-бабы бойынша жас балалардың анасы ретінде өзінің қылмысы үшін жазадан құтыла аламын деп ойлап, саналы түрде құқық бұзушылыққа барған. Ұзақ уақыт бойы ол бейтаныс адамдарды, тіпті алыс туыстарын алдап келген. Оларға жеңілдікпен тұрғын үй алуға көмектесетінін айтып, алдын-ала төлем алып отырған.
– Мен өз іс-әрекеттеріме өкінемін. Жақындарым мен туыстарымның алдында ұяттымын. Егер осындай жаза кесілерін білсем, біреудің ала жібін аттамас едім ғой, – дейді темір торда жазасын өтеп отырған Светлана.
Айта кетерлігі, сотталғандармен тәрбие жұмыстар үнемі, жоспарға сәйкес үздіксіз жүріп отырады. Мекеменің де мақсаты – азаматтарды түзу жолға түсіру.
Комментарии (0)