Алдағы үш жылда мектептер мен балабақшалар желісі кеңейтіледі – Семей әкімі
31.08.2021 | 18.10
0
90
Бүгін жаңа оқу жылы қарсаңында Семейде білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Конференция барысында жиналғандар мектепке дейінгі және мектептегі білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін, оқыту сапасы мен педагогикалық менеджмент тақарыптары талқыланды.
Семей әкімі Бақытжан Байахметовтың айтуынша, қалада алдағы үш жылда мектептер мен балабақшалар желісі кеңейтіледі. Сондай-ақ инклюзивті білім беруді дамыту және өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету бойынша жұмыс күшейтілмек.
- Білім беру теңсіздігін еңсеру үшін танылған халықаралық өлшемдерді пайдалана отырып, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасының алшақтығын қысқарту қажет, - дейді Байахметов.
Сонымен қатар, биыл Семейде екі мектептің құрылысы басталыпты. Келесі жылы тағы екі мектеп салу жоспарлануда. Жалпы 2025 жылға қарай шамамен 7-8 мектеп салынады екен. Бүгінгі таңда балабақшалар саны да артып отыр. Қазір олардың саны 60-қа жеткен. Балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс 300 орынға артты. 2025 жылға дейін қалада тағы төрт балабақша пайда болады. Конференцияда атап өтілгендей, балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрайды.
Комментарии (0)