Алдағы жылы 13 жол жөнделеді – ШҚО
17.12.2021 | 15.01
0
32
Шығыс Қазақстан облысында алдағы жылы 13 жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мәселен «Барлық арасан-Алакөл» тасжолының 15 шақырымдық учаскесі, «Шар-Әуезов» жолының жалпы ұзындығы 38 шақырым болатын екі учаскесі жөнделеді.
«Дмитриевка-Бородулиха-Шемонаиха» автожолының 7-16 шақырымын, «Күршім-Қалжыр» жолының 60-75 шақырымын, Көкпекті ауданының Сарыбел ауылына дейінгі үш шақырымдық жолын орташа жөндеу жоспарда бар. Оған қоса Көкпекті мен Самар ауылы арасындағы автожол учаскесі де қалыпқа келтіріледі.
Ұлан ауданында «Алматы-Қанай-Бақыршық-Бұрсақ» тасжолының 0-11 шақырымында және «Өскемен-Тарғын-Самардың» 70-85 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Алтай ауданындағы Парыгино жолының 0-6 шақырымы орташа жөндеуден өткізіледі. Сонымен қатар Катонқарағай ауданындағы «Согорное-Барлық-Ақсу» жолының 14-27 шақырымы, Үржар ауданындағы «Таскескен-Бақты-Егінсу» жолының 0-12 шақырымы жөнделеді.
Комментарии (0)