Қалихан Алтынбаевтың абайтану аясындағы мақалалары

Егер сіз күтпеген қызықты оқиғаға куә болып жатсаңыз, редакциямызға хабарласып +7 777 742 49 37 Whatsapp нөміріне жазуыңызға болады.

Қызықты оқиғаларды ең көп жіберген оқырмандарымыз айдың соңында сыйақы алады

USD

330.78

EUR

387.31

RUB

5.32

CNY

51.52

Алтын

1298,90 USD

Мұнай

75,86 USD

ru

Мақалалар

Қалихан Алтынбаевтың абайтану аясындағы мақалалары

0

61

Қазақ поэзиясының тарихында өзіндік орны бар, дарынды да парасатты ақындардың бірегейі – Қалихан Алтынбаев. Қаламы жүйрік, ойы ұшқыр, табиғатынан сезімтал ақын әдеби жанрлардың қай түріне қалам тербемесін өзінің қолтаңбасына тән ой еркіндігімен, ел тарихы сырына жүйріктігімен дараланады. Әртүрлі мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген өлең, дастан, зерттеу мақалалары мен очерктері сөзіміздің айғағы.

Қалихан Қалиасқарұлы Алтынбаев Семей өңірінде, қазіргі Жарма ауданы Малай» ауылына қарасты Қаратал қыстағында 1927 жылы қараша айының   16 жұлдызында дүниеге келген. Ақынның шығармашылық өмірбаянын құрауда алғы кезекте автордың қолтаңба деректеріне сүйенеміз. Осы орайда ақынның төл туындысына үңілер болсақ, оның ата-тек шежіресі, ғибрат алып, өнеге тұтқан ортасы, шығармашылық ізденіс жолындағы талпынысын пайымдаймыз. «Руым Найман, оның ішінде Бура деп аталамыз. Бізді жылқының санына басатын таңбамызға қарай «Ергенекті» деп атайды. Ергенек – ескі тілде киіз үйдің есігінің үстіндегі төрт бұрышты ағаш маңдайшасы болса керек. Бура, Саржомарт, Көкжарлы осы Ергенекті таңбасы бойынша бөлінеді. Бұл туралы ел аузында келе жатқан аңыздар да бар. Бураның ішінде «Алты бай» деген тармақтанбыз. Құдайқұл деген кісінің 6 баласын «Алтыбай» деп атап кеткен».

Өз заманынан сөз ұғарлық, ой танырлық орта таппай, жұмбақ жанға айналған ол келер ұрпаққа үміт артып, «жүрегімнің түбіне терең бойла» деп үн қатты. Сондықтан да, кез-келген халықтың маңдайына біте бермейтін сирек кездесер ірі де күрделі тұлғаның, сан қырлы дарын иесінің жұмбақ жанын түсініп, сырын ұғу, оның парасат болмысын ұлт мәдениеті аясында кең танып білуге ұмтылу абайтанушы, әдебиетанушы ғалымдардың ғана міндеті болмаса керек. Өйткені Абайды тану – адамды тану, ұлтты тану, қала берді өзіңді өзің тану. Ал өзін-өзі тани алмаған халық өзін өзгеге таныта да алмайды. Ондай халықта келешек те жоқ.

Міне, осыны пайымдай білген парасат иелері халықтың рухани жанының айнасы Абай қалдырған асыл мұраны ардақтап, оны ұғып, білуге қал-қадірінше күш салып келеді. Бұл қатарда Қалихан Алтынбаевтың да өзіндік орны бар. Арнайы абайтану ғылымына сүбелі үлес қосқан зерттеу еңбек авторы болмаса да, Абайдың ақындық болмысы, өскен ортасы, араласқан адамдары мен сырлас жақындары, жинақтап айтқанда, Абай және оның ортасы мен заманы жайлы жазған жазбаларымен танымал. Қ.Алтынбаевтың «Абайтану аясы кеңи түссе», «Ербол Көмекбайұлы», «Зере әже», «Айттым сәлем, Қаламқас!», «Үлкен тақырып төңірегінде», «Кемеңгер Абайдың көрнекті шәкірті», «Эпопеядағы бір есім жайында», «Ұлылар шыққан орта», «Баласы Өскебайдың атым Салық», «Ырғызбай әулеті және Найман елі», «Әлемдік тұлғаға шаң жұқпаса керек!», «Ұлы тойдың жүлдегері», «Абай есімі туралы», «Абайды танып болдық па?» атты мақалалары осының айғағы.

Мәселен, автор «Ербол Көмекбайұлы» атты мақаласында «Абай жолы» эпопеясындағы Абайдың досы Ерболдың ата-тегін шежірелерге сүйене отырып таратады. Әрі Абай – Ербол достығы келер заман жастарына, бүгінгі ұрпаққа үлкен үлгі-өнеге екендігін танытады.

М.О. Әуезовтің қаламынан туған «Абай жолы» роман-эпопеясы – әлем халықтары ой-санасында қазақ жұртшылығын, қазақ сахарасын, қазақ келбетін жарқырата танытып, көшпелі халқымыздың адамзат мәдениетіне қосқан үлес-қарымын айқын айғақтап берген мәдени мұра.

Қай халықта болмасын достық ұлы ұғым. Мұны өткен ғасырда еуропа мәдениетінде қалыптасқан «ұлы адамдар өмірінен» атты естелік кітаптардағы әлем халықтарының тарихтағы ардақты азаматтары мен шешендері жайлы материалдардағы олардың жан қиыспас адал достары, олардың адамгершілік істерінің қоса суреттеліп отырылатынынан да айқын аңғарамыз. «Адамның шын досы – айнаға қарағандағы өз келбеті» деген екен көне грек ойшылдарының бірі. Бұл қазақтың: «Сенің кім екенінді айтайын, алдымен досыңды көрсет» деген мәтеліне ұқсайды. Тату-тәтті, адал, айырылмас дос болып өту адам баласының қолынан келе бермейтін іс екендігін Абайдың мына бір өлеңінен байқаймыз:

Қажымас дос халықта жоқ,

Айнымас серт қайда бар?

Алда көрген артта жоқ,

Мысқыл, өсек, айла бар, –

деп шын достықтың қолға түсе бермейтін асыл қасиет екенін, достықты арзандатқан тұста адамның өзі де арзандайтынын ескертіп, сақтандыра сөйлеген. Міне, осындай Абай мен Ербол арасындағы қажымас достық, айнымас сертті сырластық Қ. Алтынбаевтың «Ербол Көмекбайұлы» атты мақаласында жан-жақты суреттеліп, тың деректермен дәйектеліп баяндалады.

Роман-эпопеяда, зерттеушілер еңбектерінде, сондай-ақ, көне көз қариялардың естеліктерінде ақынның өз ортасында, өз маңайындағы дос-жолдастарының аз болмағаны мол жазылған. Әсіресе, Абайдың жастық, жігіттік шағында досым деп қадір тұтқан адамдары, өз замандастары көп болғандығын дәлелдейтін мұрағат құжаттары да баршылық. Солардың ішінде М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының өне бойында үнемі суреттеліп, көрсетіліп отыратын Абайдың жас шағынан, өмірінің соңына дейін айнымас дос болған Ербол Көмекбайұлының орны ерекше. Жас Абайдың тұңғыш махаббатының куәсі болған жылы жүректі, бауырмал, сүйкімді Ербол, алғашқы бетте Абай-Тоғжан арасындағы нәзік байланыстың дәнекері, жалғастырушы көпірі болса, кейіннен жігіт ағасы жасындағы кемелдене бастаған ақынның сенімді серігі, ақылшы, адал достарының біріне айналады. Абай мен Ерболдың тұңғыш кездесіп, танысуын Абай романында ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай суреттейді: «Қарабас Ерболмен оп-оңай білісіп, әңгімелесіп кетті. Сөздерін тыңдап келе жатып Абай Ерболға шын ықыласпен қарап, әлденеден ыстық көре бастады. Өйткені, Ербол Сүйіндік ауылының аса жақын жігіті екен. Өзінің шешесі мен Тоғжанның шешесі Қантжан немере қарындас. Ол үйлерге бұл үнемі араласып жүретін өз кісісі болып шықты. Әңгімешіл, күлегеш Ербол енді, Абайға бар тұлғасымен ұнай бастады. Аздан соң бұл екеуі көбірек әңгімелесіп, Қарабас шетірек қалды... Ербол болса, айнымас қызықты көңілмен желе тартып, ұзап барады. Тоғжан турасындағы ең соңғы үміт — соншалық ыстық көрінсе де кетіп барады».

Енді біз роман-эпопеяның бас кейіпкерлерінің бірі Е. Көмекбайұлының Абаймен достық қатынасын Қ. Алтынбаев мақаласы негізінде дәйектемес бұрын, Ербол Көмекбайұлының тегі жайлы пікір пайымдарға шолу жасайық. Сонымен Е. Көмекбаевтың ата-тек шежіресіне үңілсек екі түрлі қайшылыққа тап боламыз. Біріншісі, «Олжай шежіресін» жазған Н. Алдажаровтың «Абай» журналының 5-санында жарияланған генеологиялық тізбесінде Ерболдың әкесі делінетін Көмекбайдың аты бар да, Ерболдың өз аты мүлде жоқ. Н. Алдажаровтың руы Ырғызбай, туған жері де сол Шыңғыстау. Олжай ол кісінің де арғы атасы. Осы мақаладан үзінді келтірейік.

Сол тарихта болған Ербол туралы, оның нақты өмір жолы туралы біз не білеміз? Артында қалған ұрпақтары бар ма, бар болса кімдер, қайда тұрады? - деген сұрақтар төңірегінде Қ.Алтынбаев әңгіме етеді.

Қаламгер: «Көмекбайдан 7 ұл туған. Олар: Ербол, Жарбол, Ерқожа, Жанқожа, Ержанақ, Дүтбай. Ерболдан екі бала болған екен. Олар: Мағауия және Жібек», – деп Көмекбайдың ұрпақтарын көрсетіп, оның ішінде Ербол да бар екенін анықтайды.

Жалпы Ербол Көмекбайұлының ғұмырнамасы әлі де болса күңгірт, белгісіз. Оның өз балаларының, немерелерінің тағдыр- талайын айтпағанның өзінде, оның өзінің қай жылы туып, қай жылы қайтыс болғаны да әр жерде әр түрлі көрсетіліп келеді. Белгілі ғалым, абайтанушы Қайым Мұхаметханұлының 1993 жылы «Дәуір» баспасынан құрастырып шығарған «Абайдың ақын шәкірттері» атты жинақтағы ақын Мағауияның ғұмырнамасына байланысты айтылатын тұста Ерболға тиісті мынандай мәліметтер келтірілген: «Абай осы мектепке тек өз баласын ғана емес, басқа адамның балаларын да түсірген болуы керек. Олай дейтініміз, мектеп оқушыларының ішінде Мағауиямен түйдей құрдас және онымен бір сыныпта оқитын Ерболов Оқас дейтін шәкірт бала бар. Осы бала тарихта белгілі Абайдың досы Ерболдың баласы бола ма деп ойлаймыз, бұндай ойға келуімізге себеп болған Ә.Кәкітайұлы Ысқақовтың «Абай өмірінен естіген, көрген білгенім» деп аталатын қолжазбасында айтылған сөздер еді. Онда: Ербол Семейге барып қайтып келе жатып, жолда ауырып, шұғыл қайтыс болды. Ерболдың өлімі Абайға қатты батады. Өз қолынан жерлеп, бата оқытып жөнелттіреді. Ерболдың жетім қалған баласына, жесір қалған әйелі Қамқаға Абай өмір бойы қамқорлық етеді», – дейді. Осындағы кейбір деректер, әсіресе Ерболдың қайтыс болған уақыты оның көзі тірі жерлестері мен ұрпақтарының айтуына қайшы келіп жатады. Олар: «Алдымен Ербол атамыз, артынан көп ұзамай ұлы Абай атамыз көз жұмған. Екеуінің қайтыс болған жылы 1904 жыл, зират басына орнатқан қабыр тасында да солай деп жазылған» деседі. «Абай жолы» романында Ербол Абайдың баласы Мағауиямен бір айда қайтыс болып, досы Ерболдың қазасы жөнінде кеш естіп, қатты қапаланғаны жөнінде жазылған.

Енді Көмекбайдан өрбитін ұрпақтар жөнінде Қ.Алтынбаев: «Қазақстанның халық сахнагері Әмина Өмірзақова, ғажайып әнші Жәнібек Кәрменов, Абайдың тұрғыны Өнер Смағұлов... Тізе берсе мұндай өнерпаздар мен елге белгілі Ербол туыстары ондап саналар еді» -деп Ерболдың бүгінгі ұрпақтарын тізеді. Ерболдың өзі жоқ болса да, ұрпақтары оның орнын толтырып, есімін тарих сахнасынан шығармайды. Ербол мен Абай атамыз қырық жыл дос болған. Бір кезде Тоғжан арқылы туған жолдастық келе-келе шын достыққа ұласқаны жөнінде «Абай жолы» романында кеңінен суреттелінген.

Қарауыл селосының тұрғындары, соғыс және еңбек ардагерлері, шежіреші, зерделі қарт, ардагер ұстаз Ұлықбек Байырбеков пен зейнеткер Бижамал Ғаббасова Ербол аталары туралы өз естелік-хаттарында біраз жайларды айтады. Олардың жазуынша Ербол еті тірі, сөзге оралымды, ел, жер тарихын, ауыз әдебиетін өте жақсы білген, эпостық дастандарды жатқа айтқан. Оған қоса майын тамызып айтатын ертекші, шежіреші де болған көрінеді. Осындай епті де іскер майда мінезді, саясаткерлікті де, ел таразысын да жақсы меңгерген Ерболды ұлы ақынның өмірлік досы етіп қалауы түсінікті. Абайдың:

Дәмі қайтпас бұзылмас тәтті бар ма?

Бір бес күннің орны жоқ аптығарға

Қай қызығы татиды қу өмірдің

Татуды араз, жақынды жат қыларға?

деуінде өмір   шындығынан   жасаған   үлкен    қорытынды жатқандығын аңғаруға болады. Абай өлеңдерінде адал достық көп орын алады.

Дос – асықтың болмайды бөтендігі,

Қосылған босаспайды жүрек жігі,-

дегендей ұлы ақын өле-өлгенше шынайы достық пен айнымас татулықты, жолдастықты аңсап өткен. Абай секілді ұлы адамға достыққа да, сырласуға да, сенуге де жараған Ербол қалай да осал адам емес. Абай аты аталған әңгіме дүкендерде Ербол есімінің кей тұстарда қоса аталып отырылуы соның айғағы.

Абай мен Ербол арасындағы достық бүгінгі жас қауымға, келер заман жастарына, үлкен үлгі-өнеге боларын ескерген және Абай ортасын жақсы білген Қ. Алтынбаев өз мақаласында осы мәселеге барынша кең тоқталып талдаған.

Бір жерде той-думан бола қалса, ұлы Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас!» әні міндетті түрде жекеше де, көпшілік дауыспен де орындалады. Кезінде халық арасында кеңінен таралған ән, әлі күнге маңызын жойған жоқ. Ән мәтінін талдай оқысақ автордың бет біткеннің сұлуы бір перизатқа есі кете ынтық болғанын анғарамыз. Осы ән мен өлеңнің Қаламқас есімді қызға арналғаны даусыз. Ұлы тұлғаны өзіне соншама іңкәр еткен Қаламқас кім? Қай елдің, қай жердің перзенті? Кейбір ғалымдар ұлы ақын «Қаламқас» әні мен сөзін Сүйіндік қызы Тоғжанға арналған деген пікірге ден қояды. Қаламқастың кім екені, қай елдің адамы екені «Абай жолы» эпопеясында айтылмайды.

Қ. Алтынбаевтың «Абайтану аясы кеңи түссе» атты мақаласында Құнанбай әулетінің шежіресі, Абай төңірегіндегі шәкірттер туралы сөз болады. Автордың айтпақ ойы – Абай төңірегін зерттеу жағының бізде әлі де болса толық емес екенін ескерту. Соларды түбегейлі зерттеу қажеттігіне көңіл бөлу. Осы мақсатта ол «Үлкен тақырып төңірегінде» атты мақаласында абайтану саласы қарқынды дамып келе жатқанымен, көңілді алаңдататын тұстары Абайдың ақындық мектебі төңірегінде тума таланттардың шығармалары мен өмірбаяндары жайлы мағлұматтарды жинастырып, зерттеу өз кезегін күтіп тұрғандығын айтады. Абай өлеңдерінің туу себептері мен кімге арналғандығы сөз болады. Уәйіс Шондыбайұлының өмірі жайлы мәліметтер береді.

«Кемеңгер Абайдың көрнекті шәкірті» атты мақаласында Әріп Тәңірбергенұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, өлеңдерінің тақырыптық аясын саралап, қисса-дастандарына тоқталып, айтыс жанрына қосқан үлесін айқындайды. Үлкен талас тудырған, «ХІХ ғасырдың жұмбағы» болып келген «Біржан – Сара» айтысына тоқталады. Әр түрлі қызықты деректер келтіреді. Ол мақаласында: «1915 жылы Томск қаласында «Сибирский студент» журналының №3, 4 сандарында «О казахской поэзий» деген мақала жарияланған. Авторы Белослюдов. Ол «Біржан-Сара» айтысын шығарушы Әріп екенін ашық көрсетіпті. Қазақстанның өнерге еңбегі сіңген қайраткер, белгілі ақын Нұрлыбек Баймұратов 1922 жылы Абайдың баласы Тұрағұлдың үйінде Әріп және Көкбаймен танысып, сол отырыста айтысты өзі жазып шығарғанын Әріптің өз аузынан естіпті», – деген деректер келтірген.

Қ. Алтынбаев өзінің бір естелігінде: «Абаймен шектелмей, Құнанбай туралы, оның Найман ішіндегі құдалары мен жиендері туралы да деректер жинақтап жүрмін, – дейді.

Қазіргі абайтану мәселесі әдебиеттану ғылымы аясында кең қарастырыла бастаған аса маңызды тақырып. Абайтану – хакім Абай шығармашылығын ұлттық мәдени құндылық ретінде кешенді түрде зерттей бастаған басым бағытты ғылым саласы екені бүгінде айқын. Бүгінгі абайтану ғылымы – Абай шығармаларының тереңіне бойлай алатын байыпты ғылыми таным мен ғылыми зерттеудің методологиясының негізінде дамып келеді.

Қ. Алтынбаевтың абайтану аясындағы еңбектерінің әдеби, танымдық және тағылымыдық маңызы бар. Оларда оқырманның Абай мұрасы, оның айналасындағы өнер иелері, ақын шәкірттері туралы білім, түсінігін кеңейтер деректер мол.

Жалпы, Қалихан Алтынбаевтың Абай елі мен Абай төңірегіндегі халық ақындары шығармашылықтарына қатысты жинаған, жазған еңбектерінің ұлттық әдеби қорды молайтып, ұлт әдебиетінің көркемдік, танымдық сипаттарын білуде өзіндік орны бар. Оларда әдебиеттанушы ақын халқының көркемсөз қазынасын, Абай тағылымынан нәр алған халық ақындарының әдеби мұраларын ерекше сүйіп, қазақ халқының сөз шеберлері туындыларының әдеби айналымға қосылуы жолында айрықша еңбек еткеніне куә боламыз.

Комментарии (0)

Текст сообщения*
Загрузить файл или картинкуПеретащить с помощью Drag'n'drop
Перетащите файлы
Ничего не найдено
Защита от автоматических сообщений
 
Жалпы Өзекті Комментируемое

15.09.21, 18:02

Түзеу мекемесінде кездесулерге рұқсат берілді

15.09.21, 17:16

Өскеменде екі жігіт телефон үшін темір торға тоғытылды

15.09.21, 16:44

Саманнан қаланған мектептер мен ғимараттарды алмастырамыз – ШҚО әкімі

15.09.21, 16:11

Қайнар ауылында кешенді даму бағдарламасы іске асырылуда - Семей

15.09.21, 15:59

Семейліктер көшелерді жарықтандырудың жақсарғанын байқады - әкім

15.09.21, 15:08

Доллардың бағамы өсті

15.09.21, 14:55

Жаңбыр, үсік. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

15.09.21, 14:10

Қазақстанда ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті

15.09.21, 13:41

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 77 адам қайтыс болды

15.09.21, 13:23

ШҚО-да «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

15.09.21, 12:50

Қызметтік ит стационарлық бекеттен есірткі алып өтпек болған тұрғынды ұстады - ШҚО

15.09.21, 12:23

ШҚО-ның барлық мектептерінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған ашық сабақ өтті

15.09.21, 11:42

Өскеменге қытайлық "Vero Cell"вакцинасы жеткізілді

15.09.21, 11:06

2,7 миллион гектар жер қайтарып берілуі тиіс - Даниал Ахметов

15.09.21, 10:49

Алкагольдік ішімдік ішкен 12 жасөспірім анықталды - ШҚО

15.09.21, 10:03

ШҚО-да 99 бала мектепте коронавирус жұқтырған

15.09.21, 09:37

Семейде 14 жастағы қыз жоғалып кетті

15.09.21, 09:09

ШҚО-да 140 адам коронавирус жұқтырды

14.09.21, 18:12

«Бақытты Отбасы»: ШҚО-да көпбалалы отбасыларға 2 млн-нан астам теңге беріледі

14.09.21, 17:55

ШҚО-да түнде үсік жүреді

Еще

06.06.18, 11:55

ШҚО-да менингитке шалдыққан балалар жазылып шықты

30.04.20, 09:09

ШҚО коронавирустың екінші толқынына дайындалуда

29.09.20, 10:45

COVID-19: Өткен аптада ШҚО-да қайтыс болған науқастарға қатысты мәлімет шықты

12.02.19, 05:03

Өскеменде автобус бірнеше жеңіл көлікпен соқтығысты

10.12.11, 18:00

Қалбатауда өнер мектебінің жаңа ғимараты ашылды

30.04.20, 15:00

Өскеменде 10 қабатты үйден құлаған керамогранит оқушының үстіне түскен

30.04.20, 06:31

ШҚО-да суға кеткен жігіттің денесі табылды

30.04.20, 09:32

4 мамырдан бастап кімдер жұмысқа шыға алады?

03.11.20, 15:45

ШҚО-дағы еріктілер өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесті

29.09.20, 07:45

Өскеменде тағы бір трамвай жаңартылды

20.12.11, 18:00

Отаныңа опасыздық жасауға болмайды

03.11.20, 10:15

ШҚО-да билеті бар 50 шақты адам ұшаққа отырғызылмады

30.04.20, 07:41

Коронавирус: тағы 68 науқас тіркелді

03.12.20, 18:23

Кезекте тұрған 20 отбасы баспаналы болды - Катонқарағай (ФОТО)

02.12.20, 11:16

Аягөз ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды (фоторепортаж)

03.07.20, 10:59

Асық технологиясын қолданатын Зайсандағы балабақша (Фоторепортаж)

16.06.20, 14:15

Арақ пен темекіден бас тартқан 60 үйлі ауыл бар – ШҚО (Фоторепортаж)

03.12.20, 18:26

Қосағаш пен Бидайықта "Электронды қызмет көрсету орталығы" ашылды - Аягөз (Фоторепортаж)

03.04.19, 05:59

Кеңсе менеджерінен қарағанда мүсіншінің жұмысы әлдеқайда қызықты - Мейрам Баймуханов

03.12.20, 17:38

Даниал Ахметов 30 отбасына пәтер кілтін табыстады (Фоторепортаж)

15.09.21, 18:02

Түзеу мекемесінде кездесулерге рұқсат берілді

15.09.21, 17:16

Өскеменде екі жігіт телефон үшін темір торға тоғытылды

15.09.21, 16:44

Саманнан қаланған мектептер мен ғимараттарды алмастырамыз – ШҚО әкімі

15.09.21, 16:11

Қайнар ауылында кешенді даму бағдарламасы іске асырылуда - Семей

15.09.21, 15:59

Семейліктер көшелерді жарықтандырудың жақсарғанын байқады - әкім

15.09.21, 15:08

Доллардың бағамы өсті

15.09.21, 14:55

Жаңбыр, үсік. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

15.09.21, 14:10

Қазақстанда ЖОО оқытушыларының жалақысы өсті

15.09.21, 13:41

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 77 адам қайтыс болды

15.09.21, 13:23

ШҚО-да «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

15.09.21, 12:50

Қызметтік ит стационарлық бекеттен есірткі алып өтпек болған тұрғынды ұстады - ШҚО

15.09.21, 12:23

ШҚО-ның барлық мектептерінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған ашық сабақ өтті

15.09.21, 11:42

Өскеменге қытайлық "Vero Cell"вакцинасы жеткізілді

15.09.21, 11:06

2,7 миллион гектар жер қайтарып берілуі тиіс - Даниал Ахметов

15.09.21, 10:49

Алкагольдік ішімдік ішкен 12 жасөспірім анықталды - ШҚО

15.09.21, 10:03

ШҚО-да 99 бала мектепте коронавирус жұқтырған

15.09.21, 09:37

Семейде 14 жастағы қыз жоғалып кетті

15.09.21, 09:09

ШҚО-да 140 адам коронавирус жұқтырды

14.09.21, 18:12

«Бақытты Отбасы»: ШҚО-да көпбалалы отбасыларға 2 млн-нан астам теңге беріледі

14.09.21, 17:55

ШҚО-да түнде үсік жүреді

E-MAIL ХАБАРЛАНДЫРУ: