Алмасайда ФАП ашылды – Ұлан ауданы
06.07.2021 | 16.57
0
76
Ұлан ауданының Алмасай ауылында Астана күні мерекесіне орай фельдшерлік акушерлік пункт ашылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Нысан "100 нақты қадам" жоспарын жүзеге асыру аясында және облыс әкімі Д.К.Ахметовтың қолдауымен ашылғанын айта кеткен жөн.
ФАП ашу үшін жеке ғимарат сатып алынып, күрделі жөндеуден өткізіліпті. Негізгі медициналық жабдықтар жеткізілді, пункт орталық суға және кәрізге қосылған.
- Арнайы дайындықтан өткен жас медицина қызметкері жіберілетіні туралы ақпарат ауыл тұрғындарының ерекше қуанышын тудырды. ФАП ашылуы Алмасай ауылының тұрғындары үшін үлкен оқиға болды, - дейді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев.

Комментарии (0)