Алтай аграршылары аймақ экономикасына елеулі үлес қосып келеді
24.12.2021 | 09.20
0
44
Тәуелсіздік жылдары ауыл шаруашылығы Шығыс Қазақстан экономикасының қозғаушы күшіне айналды. Өңірдің түкпір-түкпірінде фермерлік шаруашылықтар ашылып, ет, сүт және көкөніс өнімдерінің өндірісі арта түсті.
Ауыл шаруашылығы саласындағы жоғары көрсеткішге қол жеткізген ауданның бірі – Алтай.
– Алтайда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің 75%-ы өсімдік шаруашылығы саласына тиесілі. Әсіресе бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, күнбағыс және рапс сынды дақылдардың түсімі мол. Ауданның аграршылары ылғал ресурстарын сақтау технологиясы бойынша өңделетін егіс алқаптарын ұлғайтып жатыр. Жыл сайын ауыл шаруашылығы құрылымдары машина-трактор паркін 7-9%-ға жаңартады. Осының барлығы Алтай ауданының шаруаларына тұрақты жоғары өнім алуға мүмкіндік береді, – дейді аудан әкімі Қалихан Байғонысов.
Әкімнің айтуынша, биылғы жылы дәнді және майлы дақылдар алқабынан диқаншылар орта есеппен гектарынан 20 центнерден астам өнім алды. Күнбағыс және рапс тұқымдары Қытайға, Тәжікстанға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Иранға, Моңғолияға және басқа елдерге экспортқа шығарылатынын айта кетейік.
Комментарии (0)