Алтай қаласында қарды тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде
27.11.2021 | 09.33
0
45
26 қарашаға қараған түні Алтай қаласында жаңбыр аралас қар жауып өтті. Қала әкімі жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін сол түні мердігер коммуналдық ұйымға қала көшелеріндегі қар массивін кесіп, жолдарды кеңейтуді тапсырды.
Сонымен қатар, Бочарников көшесі секілді тар учаскелерде грейдермен жолдың жүретін бөлігіндегі қарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Дәл осындай шаралар қаланың басқа жерлерінде де жалғасын табады.
Комментарии (0)