Алтай қаласының оқушысы «Айбын» республикалық жиынында жеңіске жетті
29.11.2021 | 11.02
0
66
Алтай қаласындағы № 8 мектептің 10-сынып оқушысы Дарья Токарева Республикалық "Айбын" жиынында журналистер байқауынан бірінші орын алса, "Сұңқар" оқушылар командасы үздік бестікке енді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Біз "Айбын" республикалық жиынына алғаш рет қатысып отырмыз. Сондықтан да біз үшін бұл іс-шара өте маңызды болды. Себебі оқушыларымыз республика көлемінде үздік оқушылармен бақ сынасты. Нәтижесінде, үш кезеңнің қорытындысы бойынша 74 команда қатысқан сайыста төртінші орынға тұрақтадық, - дейді мектеп директоры Екатерина Путилина.
Командада жұмыла еңбек еткен 5 қыз бен 10 ұл №8 мектептегі «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары.
Мектеп директорының айтуынша, "интеллектуалды сарбаз" байқауында 3-ші орын алған Казезұлы Ислам ерекше көзге түсті, Ишунин Алексейдің жобасы халықаралық көрмеге таңдалған болса, челленджде Полосина Вероника және Жанаева Алишера, журналистер байқауында Дарья Токарева бірінші орын алған.
- Даша 10-сыныптың оқушысы. Сабағын өте жақсы оқиды, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Онымен кез келген тақырыпта сөйлесуге болады. Ол журналистер байқауында қазылар алқасын өз талантымен таңғалдыра алды. Дарья сайыс барысында мақала жазып, екі репортаж түсіріп, үлкен финалда керемет стендап жазды. Менің ойымша, оны тәжірибелі журналистер де жасай алмайды. Бұны қазылар алқасы да атап өтті. Біздің оқушымыздың бұл байқауда бірінші орынға жайғасатыны белгілі болды. Себебі 13 қатысушының 11-і жаттығу алаңдарында, ал Даша тікелей эфирде өнер көрсетті, - дейді Екатерина Путилина.
Педагог іс-шараның жақсы ұйымдастырылғанын, қатысушылар үшін тең жағдай жасалғанын және командалардың жақсы дайындалғанын атап өтті.
Комментарии (0)