Алтай ауданында сүт фермасы салынып жатыр
24.12.2021 | 10.44
0
37
Алтай ауданындағы Полянское ауылында сүт фермасы салынып жатыр. Аудан әкімі Қалихан Байғонысов құрылыс басына барып, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сүт фермасының құрылысы биыл басталған. Қазір бұзаулар арналған үш ғимарат жаңғыртылып жатыр. Жұмысшылар 2 нысанның қабырғасын және шатырын профильді қаңылтырмен қаптап, үшіншісінің шатырын қаптауға кіріскен.
Сондай-ақ мал бордақылау цехының ғимараты қалпына келтірілді.
– Құрылыс жұмыстары толық аяқталып, «Мойылды-Байқоңыр» ЖШС сүт-тауар фермасы іске қосылған кезде сүт өндірісі жылына 6500 тоннаға артады, – деп мәлімдеді аудан әкімдігі.
Сүт фермасында 50-ге жуық жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
Комментарии (0)