Алтай ауданында су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды жүргізілуде
19.11.2021 | 10.15
0
23
Жыл сайын Алтай ауданындағы елді мекендердің бір бөлігі су тасқыны қаупіне ұшырайды. Биылғы жылы кезекті проблеманың алдын алу үшін бірқатар шаралар қабылданып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бастап жол картасы аясында Бұқтырма өзеніндегі бөгет жөнделіп, Путинцево, Подорленок және Снегирева ауылдарындағы Березовка, Топтушка және Мельничная өзендерінің арналарын тазарту жұмыстары жүргізілген.
Сонымен қатар, Соловьево ауылында ұзындығы 1200 метр су бұру каналы, Андреевка ауылында арықтар тазартылып, Чапаев ауылындағы Крестовка өзеніне су өткізу құбырлары орнатылды.
Айта кету керек, су тасқынына қарсы барлық жұмыстар Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысовтың нақты бақылауымен жүргізілуде.
Комментарии (0)