Алтай ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған концерт өтті
16.12.2021 | 17.14
0
34
Ауданның тұрғындары мен қонақтарын ШҚО әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев және Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов құттықтады.
Ержан Нұрбаев аудан тұрғындарын облыс әкімі Даниал Ахметовтың атынан мерекемен құттықтап, бүгінде Алтай ауданында тұратын әрбір адамның тағдыры, болашағы жарқын екенін айтты.
Іс-шара барысында мерекелік медальдармен, аудан әкімінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті. Марапатталғандардың әрқайсысы өзінің күнделікті еңбегімен дамуға жеке үлесін қосуда. Тәуелсіздік күніне орай Ержан Ақтанұлы мен Қалихан Байғозыұлы белсенді өмірлік ұстанымы, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, өзіне және басқаларға деген талабы, жоғары жауапкершілігі, күш-жігері мен табандылығы, жұмысқа қабілеттілігі, ең күрделі мәселелердің дұрыс шешімін таба білгені үшін бұл жандарға зор алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ, Ержан Нұрбаев тұрғындарға пәтер кілттерін табыстады.
Мереке мәдениет орталығының шығармашылық ұжымдары дайындаған әдемі музыкалық және хореографиялық нөмірлермен жалғасты. Іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.
Комментарии (0)