Алтай ауданында әйелі күйеуіне пышақ сұғып алды
24.11.2021 | 14.31
0
32
3 қараша күні кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған 35 жастағы қала тұрғыны Алтай ауданының ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Алтайньюч тілшісі.
Тергеу барысында анықталғандай, оқиға болған күні жәбірленуші әйелімен бірге қонаққа келген. Ішімдік ішіп отырып, араларында жанжал шыққан сәтте әйел күйеуіне пышақ сұғып алған.
- 25 жастағы күдікті әйелді тәртіп сақшылары тез арада қолға түсірді.
Күдікті жауап алу барысында өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 106 - бабы - Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Аталған баптың санкциясы 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Комментарии (0)