Алтай ауданының әкімі вакцинация бойынша жиналыс өткізді
08.12.2021 | 14.57
0
54
Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов облыс әкімінің тапсырмасымен ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, бас дәрігерлер мен ата-аналар арасында вакцинация туралы туындаған сұрақтар мен жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша жиналыс өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жиналыс барсында Алтай және Серебрянск қаласының бас дәрігерлері балалар мен жүкті әйелдерге арналған Pfizer вакцинациясы және індет жұқтырғандар статистикасы туралы ақпаратпен бөлісті.
- Өткен жылы балалар коронавирустың жеңіл немесе сиптомсыз түрлерімен ауырған болатын. Ал, биылғы жылы барлығымызға белгілі, жоғары мутациялы жаңа штаммдар анықталды. Ол барлық адамзат үшін қауіпті болды деп айта аламыз. Себебі үнді штаммы - коронавирустың ең қауіпті және агрессивті штаммы болып табылады. Ал, биылғы жылы жаз айынан балалардың індет жұқтыру көрсеткіші жоғарылай бастады. Мәселен, біздің қаладан аталмыш індетті жұқтырған 10 бала Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына жатқызылды, - деді аудандық аурухананы бас дәрігері Нурекенов Олжас.
Қазіргі уақытта тек 1 бала ауруханада ем қабылдап жатыр. Қалған балалардың жағдайы жақсы.
Аудан әкімі де тұрғындарға үлгі болып, өз отбасының және немелерінің вакцина алғанын айтып, бәріне бірей ат салысуға шақырды.
- Мен ата-ана ретінде айтатын болсам, өзімнің 14 жастағы ұлым жақында вакцина алды. Екпе алу туралы сөз қозғалғанда мен бір минутта ойланған жоқпын. Себебі ол менің баламның, жалпы алғанда отбасымның денсаулығы үшін өте маңызды деп білемін, - деді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Охременко Сергей.
Сондай-ақ дәрігерлердің айтуынша, вакцина жеткізілгеннен бері ауданда ата-аналарға, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мектептерде жиналыстар өткізіліп жатыр. Вакцинаны ерікті түрде алған адамдардың жағдайы жақсы, олар вакцинаны жақсы қабылдаған көрінеді.
Комментарии (0)