Алтай жастары ең алдыңғы орында
30.11.2021 | 10.32
0
57
Өскемен қаласында ШҚО білім басқармасы, «Дарын» Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» атты конкурс өтті. Сайыста Алтай ауданының жастары жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталған өңірлік конкурстың негізгі мақсаты - ұлттық сана-сезімді, ұлттық рухты, тарихи сана мен әлеуметтік жадыны дамытудың жоғары деңгейін, мемлекетіміздің тұрақтылығын, тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтау бойынша белсенді және батыл іс-қимылға дайын, басқа мәдениеттер өкілдерімен сындарлы диалог құруға қабілетті қоғамның әлеуметтік белсенді мүшелерінің жаңа буынын тәрбиелеу болып табылады.
Әр өңірден кіл мықтылар, белсенді жастар мен көшбасшылар жиналған 24 команданың арасынан өзін лайықты көрсетіп, алға суырылып шығып, бірінші орынды иеленген Алтай ауданының командасы болды.
Комментарии (0)