Алтайда үздіктер анықталды – ШҚО
02.12.2021 | 09.35
0
34
Алтай ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты жастар форумы өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Форумда жылдың үздік жастар марапатталды.
«Жылдың жастар көшбасшысы» номинациясымен оқу үздігі, Мәскеудегі Кремльдегі халықаралық қайырымдылық кадет балының қатысушысы Дарья Токарева марапатталды.
«Жылдың жас кеншісі» номинациясы машинист, волонтер, жастар кеңесінің мүшесі Қанат Қашқымбаевқа бұйырды.
Ал «жылдың жас медицина қызметкері» номинациясы Роман Тлеуленовке, «жылдың жас педагогы» Әділжан Қадылбековке берілді.
Жыл көлемінде құқық қорғау қызметкерлері де назардан тыс қалған жоқ.
«Жылдың жас полицейі» номинациясына Алтай ауданы полиция бөлімінің кинологиялық қызмет тобының кіші инспекторы, кіші полиция сержанты Сергей Куцев лайықты деп табылды.
Сонымен қатар, «Жас кәсіпкер», «Жас шығармашылық қызметкер», «Жылдың жас еріктісі», «Жылдың жас құтқарушысы» «Жылдың жас спортшысы», «Жылдың Студенттік көшбасшысы» сынды номинация иелері де марапатталды.
Марапатқа ие болған жастарды аудан әкімі Жанна Асқарқызы құттықтады.
Комментарии (0)