Қанат Исламның жекпе-жегі тағы шегерілді
21.01.2021 | 11.24
0
634
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) алдағы жекпе-жегі тағы да кейінге шегерілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
BoxRec таратқан мәлімет бойынша, оның жекпе-жегі 20 ақпанда АҚШ-та өтуі тиіс болатын. Алайда белгісіз бір себептерге байланысты жекпе-жек кейінге шегерілген. Әзірге уақыты белгісіз.
Айта кетсек Қанат Ислам былтыр 16 қазан күні АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Сити қаласында Nelsons Promotion компаниясының кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетуі керек еді. Алайда ол кезде Қанатқа қарсылас табылмады. Осылайша Қанат Исламның шаршы алаңға шықпағанына бір жылдан асып кетті.
Комментарии (0)