Қар көшкіні болуы мүмкін - ШҚО
10.01.2022 | 13.00
0
13
«Қазселденқорғау» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 10-13 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында көшкін қаупі бар, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға қар көшкіні қалың қар жауғаннан кейін 3-5 тәулік ішінде, аяздан кейін күн күрт жылынғанда, қатты жел кезінде болатыны жайлы еске салады. Бұл уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтауға болмайды, бірақ қауіпті аймақтан тез шығу қажет.
Төтенше жағдайға тап болсаңыз, дереу «112» номеріне хабарласыңыз.
Комментарии (0)