Қарағайлыда екі мектеп салынуы мүмкін - Семей
30.11.2021 | 14.53
0
24
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Семейге жұмыс сапарымен барып, бірқатар құрылыс нысандарымен, жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аймақ басшысы Қарағайлы шағын ауданындағы әлеуметтік құрылыс және тұрғын үй нысандарын көріп қайтты. Бүгінгі таңда мұнда жалпы ауданы 173 мың шаршы метр болатын 32 көппәтерлі үй салынған. Сонымен қатар, тағы 31 көппәтерлі үй салынуда. Келесі жылы Қарағайлы ауылындағы 1200 орындық мектептің құрылысына қаражат бөлінеді. Қажет болған жағдайда екінші мектеп салу жоспарда бар екен.
Даниал Кенжетайұлы құрылыстың жоғары қарқынын атап өтіп, шағын аудан жоспарына заманауи теннис орталығын енгізуді тапсырды. Шағын ауданда мұз сарайы да салынады.
Комментарии (0)