Қарды уақытында алып тастамаса, мұзға айналады – Семей әкімі
20.11.2021 | 10.39
0
45
Аймақта ауа райы күрт бұзылып, қалың қар түсіп қалды. Осыған байланысты Семей қаласының әкімі коммуналдық қызметтердің жұмысын тексеруге кіріскен екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Коммуналдық мекемелер осы маусымдағы алғашқы қарды жинай бастады.
- Қарды уақытында алып тастау керек, әйтпесе ол аз уақыттың ішінде мұзға айналады. Түнде температура төмендеген кезде бұл қар қатып, таңертең қала тұрғындарына көптеген қиындықтар туғызады. Егер жолды тазарту кешіктірілсе, бұл жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіпті болуы мүмкін, - дейді қала әкімі.
Мұндай жағдайлар бұрын болған. Шаһар басшысының ендігі кезекте оған жол бермейтінін айтып отыр. Жолдарды қардан тазарту жұмыстары түнімен жүргізіледі.
- Егер кешке не түнде үлгермесек, жұмысты таңертең жалғастырамыз. Қазір жолдарды тазарту - маңызды міндеттердің бірі. Сонымен қатар, жұмыстың сапасы туралы ұмытуға болмайды. Әрине, біз бұл бағыттағы жұмысты ерекше қадағалаймыз, - дейді Бақытжан Байахметов.
Комментарии (0)