Аршатыда мешіт пен қатымхана бой көтерді - Катонқарағай
31.10.2021 | 17.25
0
61
Катонқарағай ауданының Аршаты ауылында мешіт ашылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы аудан әкімі Ділдар Қалиқан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Аудан басшысы мешіттің салтанатты ашылуына өзі қатысып қайтқан екен.
Қадылбек ата Халелұлы атындағы мешіттің салынуына осы ауылдың тумасы Талғат Серменов бастамашы болған. Сонымен қатар, мешіттің жанынан 150 орындық қатымхана бой көтерді.
Ауылға мешіт тұрғызған Талғат Серменовке аудандағы ірі кәсіпкер Ғани Қанатұлы тұлпар мінгізген.
Комментарии (0)