Ғарыштық мониторинг - экологияны қорғаудағы тиімді амал
31.08.2021 | 19.07
0
78
Қазіргі таңда рұқсат етілмеген қоқыс полигондарын анықтаудың екі әдісі бар. Оның бірі - рейдтік іс-шаралар және тексерулер арқылы, екіншісі - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ жүзеге асыратын аса жоғары кеңістіктік рұқсатпен ғарыштық мониторинг.
Ғарыштыұ мониторинг өзінің дәлдігімен, анықтау жерінің кеңдігімен ерекшеленеді. Өйткені ол 50 шақырым радиуста республиканың 35 қаласының айналасында жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда космомониторингтің мүмкіндіктері халықтың ыңғайына қарай жетілдірілді. OKO.KZ мобильді қосымшасы іске қосылып, оған геопортал деректері біріктірілген. Қосымша мемлекеттік құрылымдардың ыңғайлы жұмыс істеуіне және азаматтардың хабардар болуына жағдай жасайды.
Космомониторингтің мобильді прототипі картадағы қалдықтардың орнын ғана емес, сонымен қатар, әрбір пайдаланушыға қалдықтардың жаңа геопозициясын орналастыруға мүмкіндік береді.
Қосымшаны ұялы телефонға Android және Apps Store базаларынан жүктеп алып, ол арқылы мемлекеттік органдарға ағаш кесу, өрт туралы ақпаратты тез жеткізуге болады. Мысалы, сіз қосымша арқылы бұзушылық фактісін фотосуретке түсіріп, оны жалпы дерекқорға жібере аласыз.
Комментарии (0)